Yvision.kzYvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
-2
01:51, 20 мая 2015

Әрбір адам білу керек: Неге қарапайым қолхат қарыз шартынан күшті

Егер заңгерлік тәжірибемнің көптеген жылдар бойы жиналған сұрақтардың хит-парадын құрайтын болсақ, онда «Нотариалды расталмаған қолхат бойынша қарызды төлету мүмкін бе?» деген сұрақ алғашқы орындардың бірін алар еді.

Blog post image

Алдымен түсіндірейін. Өолхат негізінде нотариалды расталмайды да, ондай нотариалды әрекет те жоқ. Нотариалды тек қарыз шартын растау мүмкін. Онымен қатар, осындай қарыз шарты сауатсыз құжат саналып, ол бойынша қарызды төлтеу мүмкін болмайды.

Қалайша? Бәрі оңай. ҚР 717 Азаматтық Құқық заңдар жинағына сәйкес қаржы шарты ақшаны беру мезгілінен жасалынған болып саналады. Яғни, қолда тек қарыз шарты ғана болса, тіпті нотариалды расталған болса да, ал оған қосымша қарапайым қолхат болмаған жағдайда, онда сотта жауап берушілер шарты болса да, ақшаны шындығына олар алмады деген ұстанымын айтады. Осылай сот арыздаушы арызын қабылдамайды.

 

Осындай жағдайда тіпті шарттағы ақшаны берудің өткен шақта жазылуы ескерілмейді – сотта ақшаны шынында беретін құжатты талап етеді. Осындай құжат - қарапайым қолхат болып табылады.

Мысалы:

«Мен, ____, осындай сомадағы ақшаны алдым (күні, қолы)».  Осындай қарапайым құжат.

Ол бөлек парақта жазылсын, шарттың теріс жағында жазылсын – бәрібір заңды күші бар.

 

Постың орысша түпнұсқасы

 

-2
5530
0