Yvision.kzYvision.kz
kk
1
00:14, 09 мая 2015

История ветерана ВОВ — Салимовой Магмуры Галиевны

Blog post imageМы всегда с удовольствием читаем в республиканских и областных газетах материалы об интересных судьбах, а с приближением Дня Победы наш интерес к непосредственным участникам  Великой Отечественной  войны возрастает вдвойне. Война унесла из жизни много советских граждан, такова кровавая плата, положенная на алтарь Великой Победы, все меньше и меньше рядом с нами непосредственных участников. И это немудрено, ведь самым молодым участникам войны, призванных в действующую армию, сейчас уже под 90 лет.  Мы дети, внуки, правнуки  участницы Великой Отечественной Войны - Салимовой Магмуры Галиевны, тоже хотим поделиться воспоминаниями о маме, бабушке.

Есть расхожая фраза: « У войны не женское лицо», действительно, что может быть более несовместимо, чем такие понятия, как женственность и жестокость, жизнь и смерть. Но минувшая война свела их воедино, всего за годы войны в различных войсках на фронте несли нелегкую воинскую службу свыше 800 тысяч женщин, это 80  полнокровных дивизий, огромная армия с женским лицом.

Во время войны мама была командиром отделения зенитчиц, наравне с мужчинами пришлось пройти все ужасы войны. Страшную весть о начале нападения фашистов на СССР она услышала  на выпускном вечере, о том чтобы учиться не было и речи, сразу же отправилась в военкомат, попросилась на фронт. Но ее не взяли, молодая совсем, да и добровольцев мужчин хватало. Но мысли, во чтобы ни стало попасть на поля сражений не оставила. Устроившись работать секретарем судебного заседания в нарсуде, вечерами посещала курсы санинструкторов, днем работала, а вечерами дежурила в госпитале. Дорога в военкомат стала уже привычной, чуть ли не каждый день она приходила сюда с просьбой отправить ее на фронт. Настойчивость, желание быть полезной своей Родине взяла верх, 22 сентября 1942 года 18-летнюю Магмуру Галиевну призвали и отправили в 15-ю батарею 731-го зенитно-артиллерийского полка. На фронт будущая зенитчица попала не сразу, около года проходила обучение артиллерийскому делу в Туркменистане, городе Красноводске.

Blog post imageПо рассказам мамы:  Учиться было сложно, совершали марш броски, изучали технику, не говоря уже о стрельбе из всех видов легкого вооружения. Несмотря на дикую усталость, каждый новый день с особым рвением брались за учебы, очень хотели попасть на фронт. В 1943 году зенитно-артиллерийский полк Магмуры Салимовой, перевели в село Мышеловку, в 8 км  от Киева. Там за упорный труд в освоении материально-технической части вверенного зенитно-артиллерийскогодивизиона было присвоено младшего сержанта и назначили командиром отделения. Отделение сплошь состоящее из девушек, всегда безошибочно распознавало вражеские самолеты, ни один немецкий самолет попробовал зенитные снаряды женского отделения. В январе 1945 года приняли в члены партии.

Тесен мир, даже на войне, где воевали десятки, сотни тысяч людей со всего Союза, встречались земляки. Так в составе зенитно-артиллерийского полка с мамой служила наводчица из Казалинска ефрейтор Ануза Джуламанова. Мама всегда с теплотой отзывалась о своих девчат из 15-й батареи, это прибористы-Валентина Кущий, Полина Полнова, Надежда Барсукова, Нина Еремина, Маргарита Ключникова, Вера Недорезова, радистки – Наталья Шаповалова, Нина Багрий,  дальномерщицы – Вера Бузуева, Тамара Ганущак и многих других подруг суровой военной юности.

Все мы помним строки из популярной песни военных лет : «Киев бомбили, нам объявили, что началася война…», однако и после освобождения Киева все еще существовала угроза авиационных бомбежек со стороны вражеских самолетов. Почти до конца войны отделение Магмуры аже стояло на защите Киева. А в 1945 году неожиданно до них дошла радостная весточка, всполощивщая полк, - Победа! Долгожданная Победа.  Надо ли говорить о нахлынувших всех чувствах великой радости, многие не скрывали слез.

В 1945 девушек демобилизовали в числе первых с военнослужащими старших возрастов, учителями, врачами. Вернувшись 5 августа 1945 года в Кызылорду, устроилась в Сырдарьинский райком комсомола, а через год была переведена в обком комсомола. Работая здесь она познакомилась со своим будущим супругом Срашем Баекеевым, тогда он был секретарем Аральского райкома комсомола. В 1947 году родилась первенец, дочка – Зарауха, затем родились еще 7 детей. Все они стали достойными гражданами. Мама гордилась тем, что у нее большая и дружная семья, она счастливая бабушка и прабабушка, у нее 28 внуков и 43 правнука.

Мама всегда была энергичной и жизнерадостной, она всегда помнила своих однополчан-подруг, наизусть знала номера воинских частей. Бережно хранила письма председателя совета ветеранов зенитно-артиллерийского полка ПВО Николая Лукина. В одном из писем он написал: «На алтарь Великой Победы легла и Ваша доля ратного труда. Будьте благополучны, здоровы и радостны с сознанием  того, что Ваша жизнь – подвиг».

И действительно, вся жизнь мамы подвиг, мало кто решится в послевоенные годы родить 8-х детей, дать им блестящее образование, воспитать их патриотами своей Родины. Но самой высокой степенью ее достижений являлись ее внуки, правнуки,  которые ее обожали и любили слушать ее рассказы. Она учила своих внуков и правнуков простой истине: уметь жить настоящим, помнить о прошлом и строить свое светлое будущее. Нужно ценить каждый миг жизни, беречь мир и друг друга

За ратные и трудовые подвиги награждена орденом Отечественной войны, медалями маршала Жукова, 20 лет Победы в ВОВ, 30 лет Победы в ВОВ, 40 лет Победы в ВОВ,  50 лет Победы в ВОВ, 60 лет Вооруженных сил СССР, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл, от братской Украины – «50 рокив вызволения Украины» и «60 рокив вызволения Украины», медаль 10 лет Астаны.

Мама, бабушка -Магмура Галиевна пережила смертельную схватку  с врагом, утрату боевых друзей, самоотверженно трудилась и в послевоенные годы. До самой пенсии, порядка 20 лет, проработала главным бухгалтером городской детской больницы.  Она перенесла на своих хрупких плечах все тяготы войны и послевоенной жизни, она победила, и ей, как и многим ветеранам, мы обязаны своей жизнью. Мама была всегда нам примером, верно говорят, что человек жив до тех пор, покуда помнят о его делах.

Она всегда радовалась за своих детей, внуков, правнуков, которые живут в свободной стране, где мирно сосуществуют люди разных национальностей и конфессий.

Дети, внуки, правнуки.

________________________________

Біз әрдайым республикалық және облыстық газеттерден аса үлкен ілтипатпен қызықты тағдырлар туралы материалдарды оқып отырамыз, ал Жеңіс күні жақындаған сайын Ұлы Отан соғысының тікелей қатысушыларына деген біздің қызығушылығымыз екі есе өседі. Соғыс миллиондаған совет азаматының өмірін қиып әкетті, бұл Ұлы Жеңісті жақындату жолындағы құрбандыққа әкелінген қанды төлем болды. Біздің арамыздан жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің қатары сиреп барады. Ия, бұл таңқаларлық жағдай да емес, себебі, соғысқа шақырылған ең жас қатысушының жасы бүгінгі күнде 90 жасқа келді. Біз, Ұлы Отан соғысы қатысушысы – Сәлімова Мағмура Ғалиқызының балалары, немере мен шөберелері өз анамыз, әжеміз туралы  естелікпен бөліскіміз келеді.

Мағмура Ғалиқызы Сәлімова 1924 жылы қыркүйек айының 24 жұлдызында Астрахан облысы, Ганюшкино селосында дүниеге келген.

1941 жылдың жаз айында  10 жылдық мектепті аяқтап, балауса балғын жастар мектеппен қоштасу кешінде фашистердің тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасағанын естігенде төбелерінен жай түскендей сезімде болды. Себебі: арман қуалаған жастардың әрқайсының жоғарғы немесе арнайы оқу орындарына түсіп, студент атансам деген көкейлеріндегі арман – ойлары болатын. Осы топ жастардың арасында Мағмура анамыз да «жоғарғы білімді финанс саласының маманы болсам» - деген асыл арманы болатын. Соғыс басталып кеткен соң оқу мүмкіндігі қайдан болсын? Намысы жалындаған жас қыз бірден военкоматқа барып, майданға сұранады. Олар өте жас екендігін ескертіп, қабылдай қоймады. Ал өз айтқанынаң қайтпайтын қайсар қыз халық сотына сот мәжілісінің хатшысы болып орналасады. Осы қызметті күндіз атқара жүріп, кешкісін санитарлық нұсқаушының курстарына қатысып жүреді. Оны бітірген соң кешкісін госпитальда кезекшілік жұмысын атқара бастады. Осы жұмыстарды ыждағаттылықпен атқара білген қаршадай қыз военкоматқа барып, майданға сұрануын тоқтатпады.

1942 жылы қыркүйек айының 22 жұлдызында 18 жасар қайсар Мағмура анамыз майданға алуды ұйғарады. Сол жолы майданға алынған 10 бойжеткеннің ішінде жалғыз қазақ қызы біздің анамыз болған  екен. 15 батареяның №731-ші зенитшілердің артиллериялық полкіне жібереді. Жаңадан барған жас қызды зенитшілікке бірден ала қоймай Түркменстандағы Красноводск қаласына артиллериялық ісінің оқуына жібереді.

Ондағы оқу өте қиын болды – біз өте жас болдық, барлық техниканы меңгеруді  оқыдық, әсіресе түрлі жаттығулар, ырғып-секірулерге  жаттығу ауыр болды. Соғыстың аты сөғыс сені жас екен деп ешкімде дандайсыта қоймайды. Сондай жабайылықтан шармасамда алға қарай ұмтылып, қалайда майданға аттануым керек деген үмітімнен арылмадым – деп отыратын. Оқып жүріп зенитшілер құрал бөлімшесінің ефрейторы болып  орналасады.

1943 жылы Мағмура Ғалиқызын зенитшілердің артиллериялық полкіне бөлімде командирі етіп, Киев қаласына жақын орналасқан Мышеловка селосына жібереді. Біріңғай қыздардан құралған  Мағмура анамыз командирлік еткен бөлімше жау самолеттерін жазбай танып  отырды. Бірде бір әйелдер бөлімшесінің зениттік снарядтары тимеген жау самолеттері болмады деуге де болады. Соғыс майданы біткенше Мағмура Ғалиқызы басқарған бөлімше Киев қаласын қорғауда тұрды.

1945 жылы күтпеген  жерден «жеңіс, көптен күткен жеңіс»! деген қуанышты хабар келіп жетті.

- Біз қатты қуандық көптен күткен мұндай сәтке де жеттік-ау, әрбір секунд сайын осы сәтті асыға күттік. Жеңіске жету дегенің аса үлкен қуаныш болды. Осы сәттерден бастап-ақ қыздар болып, елге барған соң не істеу керек екендігін сөз ете бастадық.

1945 жылы майданнан жеңіспен оралған аяулы анамыз Қызылорда қаласына келіп түседі. Келген жылы аңамызды облыстық комсомолдың комитетінің хатшысы етіп сайлайды. Өз қызметіне аса жауапкершілікпен қарады. Осы жерде қызмет атқара жүріп, өзінің болашақ жары Сраш атамызбен таңысады. Ол кездері атам, Баекеев Сраш Арал аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарып жүрген екен. Көңілдері жарасқан атам мен анамыз бір шаңырақ астында тоғысып, бас қосады.

1947 жылы Зарауха тәтеміз дүниеге келіп, отбасын үлкен қуанышқа бөлеген. Зарауха тәтемізден кейін де Мағмура анамыз еңбектен қол үзбей жүріп, жеті баланы дүниеге әкелген. Сегіз баланы патриоттыққа тәрбиелеп, барлығына жоғарғы білім әперіп, саналы азамат етіп тәрбиеледі. Отбасында қаншама баланы дүниеге әкеліп, жақсы тәрбие бере алған үлгілі ана болды, өз отаны алдында адал да шыншыл, еңбегі сіңген азаматша еді.  Бүгінде балалары өз орталарының сыйлы да, қадірлі азаматтар. Бәрі де үлгілі отбасын құрған. Ата-ана үшін онан артық қандай бақыт керек? 28 немере мен 43 шөбере сүйген ардақты әже болды.

Мейлінше еңбексүйгіш, мейірбан болатын. Мейлі қай кезде болсын елге көмегін аямайтын, көмектесуге дайын тұратын жан еді. Ол кісі өз замандастары  секілді коммунистік идеология рухында тәрбиеленіп өскен қыз болатын, өткен өмір жолдарында елінің, ұлтының намысын ту етіп устады. Мәнді де мағыналы өмір сүре білген  аяулы анамыздың жолы кімге болса да үлгі-өнеге! Бәлкім адам бақыты деген осы болар.....

Кеңес заманындағы соғыс уақытындағы көрген қиыншылығын отбасында отырып, тебірене айтып отыратын. – Ол кездері мыңдаған адамдар жерлестерін тауып, бір-біріне бауырдай тілектес болып жататын. Майдандас жолдастар мейлінше жақын болды, қазалылық ефрейтор Ануза Жоламанова деген  қыз маған жақын болды. Елдегі туысқандарды еске алып, қолымыз майданнаң кішкене босаса көзімізге жас алып, артынша қыз екенімізді ұмытып, өзімізді ел қорғаған азамат ретінде сезінетінбіз. Ер азаматтар мен иық тірестіре жүріп, соғыстың барлық қиыншылығын өткердік –деуші еді.

Зениттік-артилериялық полктын ардагерлер кеңесінің төрағасы Николай Лукин өз  хактында: «Ұлы Жеңістің жолында Сіздің де ерен еңбегіңіздің  үлесі бар. Сіздің өміріңіз-ерлік»  деп жазған болатын. Расында да анамыздың барлық өмірі ойлап отырсақ-нағыз ерлік екен.

Ерен еңбегі үшін ескеріп көптеген орден медальдармен марапаттаған. Еңбек және соғыстағы ерлігі үшін Ұлы отан соғысының орденімен, маршал Жуковтың медальдарымен, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл, ҚСРО Қарулы күштеріне 60 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл, бауырлас Украинадан – «50 рокив вызволения Украины» және «60 рокив вызволения Украины», Астанаға 10 жыл медальдарымен марапатталды.

Анамыз, әжеміз – Мағмура Ғалиқызы жаумен арпалысып, небір ажалды айқастардан өтті, әскери достарын жоғалтты, соғыс аяқталған жылдарда өзін өзі аямастан еңбекке араласты. Зейнетке шыққанға дейін 20 жыл қалалық балалар ауруханасында бас есепші болып қызмет атқарды. Нәзікжанды анамыз соғыстың қиын қыстау тауқыметімен бірге соғыстан кейінгі ауыртпалығы мол жылдарды өткізді, ол кісі жеңіске жетті, осы ретте абзал анамызға және көптеген ардагерлерімізге, біз, кейінгі ұрпақ, өз өмірімізбен қарыздармыз. Анамыз бізге әрқашанда үлгі бола білді, «адам ұрпағымен мың жасайды» - деп бекер айтпаған, оның істеген істерін жадында мәңгі сақтап қалған біздер тұрғанда, ол кісі қашанда тірі. Анамыз әрқашанда өз балаларының, немере – шөберелерінің түрлі үлттар мен конфессиялар тату тәтті азат елде өмір сүріп жатқандарына қуанып отыратын.

Балалары, немерелері, шөберелері.

   
1
447
0