---
title: "-5000"
description: "Тамаша алады. Құны 10 мың. Басыңа қандай шаш жарасатынын өте жақсы біледі. Әккі маман. 2-3 күннен б..."
author: "Berik_Sultan"
published: "2018-01-27T16:38:08+00:00"
modified: "2018-01-27T16:38:09+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/5000-794266"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/5000-794266/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# -5000

> Тамаша алады. Құны 10 мың. Басыңа қандай шаш жарасатынын өте жақсы біледі. Әккі маман. 2-3 күннен б...

Тамаша алады. Құны 10 мың. Басыңа қандай шаш жарасатынын өте жақсы біледі. Әккі маман. 2-3 күннен бері сәті түспей, ол босаса мен босамай, мен босасам ол босамай жүрді. Ақыры күте алмай қызметі 5000 мыңға арзан шаштаразға бардым. 5 мыңдық шаштараз да жаман емес шығар деп отыра қалып едім, шашым осындай болып қалды. Е ары емес, е бері емес. Қысқартып беріңіз деген сөз қысқа қылу деген сөз екенін кеше түсіндім 📷🤔 Өмірден көп нәрсе күтіп жүрміз ғой. Менің күтіп жүргендерімнің қатарына шашымның тез өсуі қосылды 📷😊 Ауылда шаш алудан һас шебер ағалар басыңды қайшыбас қылғанда "Бас аман болса, шаш өседі" деуші еді. Сол бас аман болсын енді 📷😎 P.S. Тайсонның шашы неге қысқа екенін түсіндім. Шашың қысқа болса жаттығуды күшті жасайды екенсің 📷

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/post/5000-794266](https://yvision.kz/post/5000-794266)