---
title: "5 күн"
description: "Сәлем достар!Бүгін бізде-Бейсенбі.Шілденің 4-ші жұлдызы.Таңертең тұра сала ,терезеге жалт қарадық.Ас..."
author: "azamat2000"
published: "2013-09-17T05:44:35+00:00"
modified: "2013-09-17T05:44:35+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/5-k-n-361457"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/5-k-n-361457/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 5 күн

> Сәлем достар!Бүгін бізде-Бейсенбі.Шілденің 4-ші жұлдызы.Таңертең тұра сала ,терезеге жалт қарадық.Ас...

**Сәлем достар!**Бүгін бізде-Бейсенбі.Шілденің 4-ші жұлдызы.Таңертең тұра сала ,терезеге жалт қарадық.Астананың аспанын тұман басқан.Біз бүгін Ақмола облысындағы сүт зауыты орналасқан белгілі ауыл «Родина»ауылына сапар шектік.

![5 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/azamat2000/9Nxrhdduy0FsAZFr0Zsst3PqUL97z8.jpg)

Ауылға жақындағанда ,автобус терезесінен жайылып жүрген бірнеше топ сиырларды көргенде, «ауылға тезірек жетсек екен»деген құштарлық сезімі барлығымыздың жүрегімізде орын алды. «Асыққан сайын уақыт өтіп болмайды»дегендей,біраз шыдауға тура келді.

Әйтеуір жеттік-ау!Ауыл ойлағанымыздан да керемет болып шықтты.Әр үйдің ауласындағы кең аумақты бақшаны көрсеңіз ғой!Негізі ауыл 1961ж «Родина»деген атау алады.Халқының саны-1640 адам.Ауылда мектеп,муз.мектеп,спорт үйірмесі,кітапхана,ресторан,балабақша,былай қарап тұрсаңыз,ауылда жағдай өте жақсы.Тіпті, «әсемдік салоны»да салынып жатыр.Ауылда туған әр балаға 100000тг беріледі.Ал енді зауыт тақырыбына көшейік.

![5 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/azamat2000/M0gjAsa1284Mt81oJUUShwoFb0MQ8Q.jpg)

Директор Иван Адамовичтің айтуына қарағанда,зауытта 550 адам жұмыс жасайды.Завод 2012ж ашылған.Астана қаласына сүт,айран,қаймақ,кілегей,сүзбе,йогурт т.б экспорттайды.1 сиыр жылына 70000 л сүт береді.1000 сиыр Канададан әкелінген,әрқайсысы 4000 ақш доллар тұрады.Біз сүттің де дәмін көрдік.Нағыз табиғи,таза сүт.

![5 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/azamat2000/FGgQfS1aB27l8wbH6n24wofRLu7Q9W.jpg)

Ақтөбеге де осы сүтті экспорттауға болады.Бірақ,әттеген-ай,Ақтөбе батысты бойлай орналасқан,ал Астана солтүстікте.Екі арада сүт дәмі ,не қасиетінен айырылады.Бүгінгі саяхат маған ұнады. «Родина»ауылына сапар шегіңіз .Сіздер де мен сияқты сезімге ие болатындарыңызға күмәнім жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/post/5-k-n-361457](https://yvision.kz/post/5-k-n-361457)