кешке қарай . . .

terry09 2010 M09 23
765
3
0
0

Кешкі Астана терезе артында. Бозарып атқан таң емес, көгі қызғылтқа боялған астана аспаны, яғни кеш. Жұмыстың соңғы минуттары. Қазір, бірер минуттардан кейін, үйге тартам. Бірақ, шамамен 12 сағаттан...

Кешкі Астана терезе артында. Бозарып атқан таң емес, көгі қызғылтқа боялған астана аспаны, яғни кеш. Жұмыстың соңғы минуттары. Қазір, бірер минуттардан кейін, үйге тартам. Бірақ, шамамен 12 сағаттан кейін қайтып келем. Кофэ және тапсам біраз-міраз тәтті алып, жаңа күнге аяқ басам. Көзді ашып-жұмғанша кеш келеді. Қайталанып, сол баяғы рәсімдер күн аралап тағы да келеді...

 

Бозарып атқан таңды,

Шырылдап жатқан оятарды,

Таңғы душ, кофе мен шылымды,

Қасымда жатқан жанды,

Кейде өзімді танығым келмейді.

Құмы пештей жылы,

Суы жастай мөлдір,

Орманы ну,

Жағалауға не жетсін.

Оған жетер мен жоқ,

Жетпек түгіл, оны ойлап,

Арман қуар уақыт жоқ.

Тіршлік пен пендешілік,

Жанды да, жадыңды да жаулаған,

Тапсам, ішсем, алсам,

Соларды асырап,

Көңілін аулап,

Бақытына олардың,

Жолдасым мен болашақ баламның,

Уақытым мен жігерімді сарқылсам,

Өзім жайлы кім ойлар ?

Құм басқан сол жағалау,

Саған қашан мен бармақ ?

Әлде арманда қалған,

Болам ба мен бір бейбақ ?

Өңкей сұрақ,

Жауап қатқан жан жоқ.

Біреулер дейді "Е, несі бар,

Қамың қылсаң егерде,

Болмайды бұл пәниде,

Шешілмейтін мәселеле,

Еңірегенді қойып, іс баста,

Жігер салып, соңына апар,

Жарты жолда тастама !".

Соны тыңдар сана қайда ?

Бастағанды аяқтауға,

Жеткізетін сен бар ма ?

Жауап:жоқ!

Желкені басқан жара бар,

Еріншек ол пәленің есімі,

Арпалыссам да, алыссамда,

Жеңбедім, бой ұрып,

Қол астына бардым.

Енді міне Ювиде,

Сол туралы уайымдап,

Ел көзінше сорладым.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оцените пост

0

Комментарии

0
менің өмірімде де сондай көрініс, жұмыс - үй -жұмыс - үй траекториясы бойынша... қашанғыға дейін созылады екен бұл..... жауап жоқ...
0
Табиғатына байланысты, көкейтестілігімен көмкерілген, белгісіздік бағытына қарай бұрылған сұрақ. . . Жауабын әркім пендешілігіне қарай табады. Қысқасы, осы.

0
Осындай посттар көп болса екен!
Показать комментарии