Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:10, 20 апреля 2015

ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Қызылорда және Павлодар қалаларындағы аймақтық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралар

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың облыстық сайлауалды штабтары атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

«26 наурыздан бері облыстық сайлауалды штабы ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықовты қолдауға бағытталған шаралар өткізілуде», - деп мәлім етті партияның Қызылорда облысы бойынша облыстық комитетінің жетекшісі Т.Телеубаев.

Оның айтуынша, Т.Сыздықовтың сайлауалды баяндамаларында ерекше орын ғасырлар бойы қалыптасқан, халықтар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімдікті қамтамасыз ететін жалпы адамдық құндылықтарға арналған.

Т.Телеубаевтың сөзіне сәйкес, барлық мемлекеттердің ілгері дамуы мен өркендеуінің қозғалтқышы – жастық шағынан адам бойына сіңірілетін сезім – интернационализм болып келеді. Қазір халық бейбітшілік пен берекеліктің синонимдері достық пен ізгілік екендігін түсінеді.

Жас ұрпақтың санасына біздің еліміздің тарихи мирасы болып келетін дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, үлкендерді құрметтеу және төзімділік қасиеттерін құю қажет. Бұл құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа берілуі тиіс.

Сонымен бірге, адамгершілікке және өнегеге сәйкес келмейтін батыстық мәдениет пен құндылықтардың зияны туралы ұмытпау керек.

Қоғамдық идеалдарды батыстық тұтынушылық стандарттардың алмастыруы жастарды «тоғышар тұтынушыға» айналдыруы мүмкін.

Тұтынушылыққа құрылған бағдар жастардың бағытын өзгертеді. Осындай ықпалға тап болғандар не нәрсеге өз күшімен қол жеткізуден бас тартып, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруді әдетке айналдырады.

Т.Телеубаевтің айтуынша үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.

«Батыстық үлгінің ең негізгі қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блогбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең тараған зорлық-зомбылық, қаталдық культтері.

Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қасиеттерінен айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады.

Әрбір екінші батыстық фильм, бейнеклиптің немесе әуеннің астарында қатыгездік, енжарлық, немқұрайдылық, іс-әрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр», - дейді штаб мүшесі ҚКХП ұсынған кандитаттың бағдарламасына сілтеме жасай отырып.

«Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары.

Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», - деді Т.Телеубаев.

Павлодар облыстық комитет жетекшісі Г.Нұғманова мәлім еткендей: «ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды науқанының жоспарына сәйкес, сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Үгіт-насихат жұмыстары штаттық жоспарға сәйкес, ешқандай кедергілерсіз өтуде. Жергілікті халықпен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын белсенді түсіндіріп жатырмыз».

Сонымен қатар Г.Нұғманова Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасының тезистерін назардан тыс қалдырған жоқ.

«Жеңіл ақшаның соңына түсіп, зорлық-зомбылықты ашық жарнамалап жатқан батыстық киноиндустрия мен Интернет ресурстар – қазіргі батыстық теріс мәдениеттің жемісі.

Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады. Себебі, тұтыну, көп жағдайда, материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады.

Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді.

Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды», - деді ол.

 
0
188
0