Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:40, 10 апреля 2015

ҚКХП ұсынған ҚР президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Өскемен қаласындағы «Защита локомотив жөндеу ДЭПО-сы» жұмысшыларымен өткізген кездесуі

Бүгін ҚКХП ұсынған Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов «Защита локомотив жөндеу ДЭПО-сы» жұмысшылар ұжымымен кездесті.

Blog post image

Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды.

Кездесу кезінде кандидат батыстық стандарттар мен тұтынушылық мәдениеттің теріс ықпалына тоқталып өтті.

«Бүгін буындары қатып үлгермеген әлемнің барлық жастары батыстық киімдерді киеді, шетел әуендерін тыңдайды, голливудтық фильмдерді және сериалдарды көреді. Мұның барлығы – жай бос уақыт өткізу емес, бұл тұтыну мәдениетінің жалпыға бірдей таралу үрдісі.

Дәстүрлі адами құндылықтарды насихаттауды жоққа шығарып, жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, жалпы материализм мен азаматтық немқұрайдылыққа әкеледі», - деп атап өтті кездесуде Тұрғын Сыздықов.

ҚР Президенттігіне кандидаттың ойынша, жаппай интернет арқылы таратылып отырған батыстық өмір мәнінде, қатыгездік, енжарлық, немқұрайлылық, іс-әрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр.

Мұндай жаппай шектеусіз өмірлік қағидаттар кез келген ұлттың құлдырауына алып келеді.

Стандарттар мен тұтынушылық мәдениеттің теріс ықпалы өз жемісін беруде: Батыста туу көрсеткішінің төмендеп, дәстүрлі неке институттарының күйреуі нәпсілік және рухани тәрбиедегі жүгенсіздік, жауапсыздық пен немқұрайдылықтың жемісі болып табылады. Жастар өздеріне отбасылық міндеттерді алғылары келмейді, өз істеріне жауапкершілікпен қарамайды, нақты азаматтық ұстанымдары жоқ.

«Батыс сән үлгісінің ең қауіпті көріністері - компьютерлік ойындар, фильм-блокбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең таралған зорлық-зомбылық, қаталдылық культтері.

Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қаситеттерден айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады.

Әрбір екінші батыстық фильм, бейнеклип немесе әуеннің астарында қатыгездік, енжарлық, немқұрайлылық, іс-әрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр», - деді Т.Сыздықов.

ҚКХП жетекшісінің сөзіне қарағанда, батыстық өндірушілердің басты мақсаты – есірткі тәрізді, теріс эмоцияларды сыртқа шығарып, бойға адреналин сыйлайтын өнімдерге адамды тәуелді ету арқылы оларды көптеп сату.

Сонымен қатар, батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлдем жат тұтынушылық стандарттарымен өмір сүріп жатыр.

Мұндай қоғамда өмір сүрген адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моралдық жауапсыздық.

Батыстық өркениет елдері ақыл-ес пен генетикалық аурулар бойынша және ғаламдық семіздік рейтингінде көш бастап келеді. Осылайша, олар өздерінің тегін жоғалтуда. Бұған дұрыс өмір сүру салтын ұстанбай, фаст-фуд тағамдарын және басқа да түрлі генді-модификациялық өнімдерді тұтынулары себеп.

«Мықты моральдік негізі, түп тамыры, ұлттық санасы, қандай да бір діни ұстанымдары мен ұлттық рухани идеялары болмаса ол елдің болашағы да жоқ.

Мемлекеттің басты байлығы – оның адамдары. Салауатты, зайырлы ұлт қағидаттары адамдарға нәресте шағынан сіңдірілуі керек. Балалар тек қана пайдалы тағамдармен қоректеніп, дене шынықтырумен айналысып, сезім, сыйластық және құрмет сияқты отбасылық құндылықтарды танып өсуі керек.

Жастар дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық идеалдарды танып өскенде ғана батыстық мәдениеттің ықпалынан құтылады», - деп аяқтады өз сөзін Тұрғын Сыздықов.

Одан әрі сөзді облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Ш.Байдәулетов алды. Ол қатысушыларға сайлауалды науқан кезіндегі үгіт насихат және іс шаралар туралы айтып берді.

 
0
342
0