Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:21, 09 апреля 2015

Пресс-релиз

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

2015 жылы 9 сәуірде Астанада «Қауырт желі-114» Ақпараттық-консультативтік орталығы жұмысының нәтижесі бойынша есептік пресс-конференция өтті.

БАҚ өкілдеріне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысы шеңберінде азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсететін «Қауырт желі - 114» АКО қызметі туралы айтылды.

Мұндай сенім желісінің ашылуы Қазақстан Республикасында ғана емес, ТМД кеңістігіндегі алғашқы бастама болып табылады. «Қауырт желіге» жүгінген азаматтарға білікті психологтар, дінтанушылар, теологтар және заңгерлер жеткілікті деңгейде кеңес беруде және қоңыраулар еліміздің кез-келген нүктесінен қалалық телефондардан тегін, үздіксіз және құпия түрде қабылданады.

Пресс-конференция барысында азаматтардан «Қауырт желі - 114» келіп түскен өтініштердің саны, сондай-ақ орталық қызметкерлерінің жұмыс барысында тап болатын деструктивті діни әсер жағдайларының мысалдары айтылды.

Сонымен қатар, «Қауырт желі - 114» АКО жоғарыдағы мақсатта азаматтар тегін кеңес алу үшін Билайн 87770000114 ұялы нөмірімен таныстырды.

     
0
225
0