Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:19, 08 апреля 2015

Пресс-релиз

ҚР МСМ Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Н.Шойкин 2015 жылғы 7-8 сәуір аралығында Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Жуда Абдулғани Басюнидің шақыртуымен діни білім беретін жоғары оқу орнының оқытушы-профессорларымен және студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу шеңберінде Ғ.Шойкин оқу орнының ұжымы мен студенттеріне «Қазақстан Республикасының дін саласындағы саясаты» тақырыбында дәріс оқыды.

Дін істері комитеті Төрағасы өз лекциясында әлемдегі және еліміздегі қалыптасып отырған діни ахуалдың жай-күйіне тоқтала отырып, 2011 жылы қабылданған қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын іске асыру шеңберінде дін саласындағы уәкілетті органның атқарып отырған жұмыстары туралы баяндады.

Ол өз баяндамасында мемлекеттік дін саласындағы саясатының басымдығын құрайтын конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау мен нығайту ісінде елдегі жетекші діни бірлестіктермен жүзеге асырылып отырған жұмыстарға жоғары баға берді.

0
104
0