Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:13, 08 апреля 2015

ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Орал және Атырау қалаларындағы аймақтық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралар

ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың аймақтық сайлауалды штабтары сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жалғастыруда.

Blog post image

Бүгін кандидаттың Батыс Қазақстан облысындағы сайлауалды штабы өткізген және жоспарланған іс-шаралары туралы баяндап берді.

«Ең алдымен, біз басты назарымызды облыстың аудандық елді мекендеріне, оның ішінде облыс орталығынан алшақ жатқан ауылдарға аударып, жұмыстарымызды соларға икемдеп құрдық. Себебі еліміздегі әрбір азамат партиямыз насихаттап отырған марксизм-ленинизм идеясын білуі керек. Үгіт материалдары – плакаттар мен парақшалар кеңінен таратылып жатыр. Онда коммунизмнің негізгі идеялары көрініс тапқан», - деді партияның облыстық комитетінің жетекшісі С.Ярлыгасимов.

«Марксизм – біздер, коммунистер үшін, қоршаған орта өзгерген сайын үнемі жетіліп отыратын шығармашылық ғылым. Оның қалыптасқан қағидалары мен идеялары күні бүгінге дейін өзектілігі мен маңыздылығын жойған жоқ. Біз алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізу үшін марксизм-ленинизмді және ҚКХП бағдарламалық жоспарын жан-жақты насихаттайтын боламыз», - деп сайлауалды тұғырнамадан үзінді келтірді облыстық комитет жетекшісі.

Сондай-ақ, партия қызметкері батыстық құндылықтардың кері әсерін назардан тыс қалдырмады. Бұл мәселе де Т.Сыздықовтың сайлауалды үгіт-насихат науқанының негізіне енген тақырып: «Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындаған батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде.

Батыс мәдениеті бизнеске айналып, материалдық пайда іздеген мақсат оның басты шарты болды.

Ақылға қонымсыз батыстық бассыздық пен жалған жасампаздық ғасырлар бойы қалыптасып, тәртіпке айналған адамгершілік қасиеттерін көлеңкеге ысырып барады».

Өз кезегінде Т.Сыздықовтың Атырау облысындағы сайлауалды штабының жетекшісі Е.Дәулетқалиев аймақта үгіт-насихат науқаны қызу қарқын алғанын атап өтті.

«Біз аймақ жұртшылығымен, оның ішінде шалғай аудандардың тұрғындарымен кездесу өткізіп, оларға үгіт материалдарын таратып жатырмыз. Кандидатымыздың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырдық», - деді кандидаттың сенімді тұлғасы.

Оның айтуынша, үгіт жұмыстарында Интернетте әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері молынан пайдаланылуда. Онда ҚКХП өткізген іс-шаралар туралы материалдар жарияданады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатқанымызды атап өткім келеді. Журналистер біздің іс-шараларымызға белсенді қатысып, сәйкес материалдарын газеттерде жариялап, телеарналарда көрсетіп жатыр», - деді ол.

«Жалпы алғанда, ҚКХП ұсынған президенттікке үміткердің аймақтық штабы өз жұмысында ешқандай қиындық көріп отырған жоқ», - деп қорытты Е.Дәулетқалиев.

 
0
524
0