Yvision.kzYvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
-3
08:01, 01 апреля 2015

Отандық бағдарламаларды жүкте! Алғаш қазақстандық iTys мессенджері

Наурыздың 31-нде iOS тұғырында қазақстандық "Айтыс" (iTys) мессенджері жүктеуге ашық болды. Жалпы басқа мессенджерлермен салыстырғанда еш өзгешілігі жоқ. Алайда қазақстандықтарға оның ұлттық нақыштағы келбеті мен қазақша пернетақтасы ұнайтыны белгілі.

Тіркелу басқа мессенджерлерге ұқсас – телефон нөмірі арқылы өтеді, осындай терезе ашылады.

Blog post image

Үстеме айфондар үшін тек кеше шықса да, Аndroid пайдаланушылары оны 2014 жылдың қарашасынан жүктей алатын. Даут Шайхисламов, жоба жетекшісі, үстеменің 150 мыңнан астам белсенді қолданушысы бар дейді.

Тіркеуден өткеннен кейін біз баптау терезесін көреміз. Статусты өзгертуге, анкетаны редакциялауға, хабарландыруларды қосуға/өшіруге болады.

Blog post image

Хабарламаларды жіберетін терезе өте қарапайым көрінеді. Хабарламалар бірден жіберіліп жатады, қолайсыз жері – хабарлама жеткені не жетпегені белгісіз.

Blog post image

Артықшылықтар: қазақ әріптерінің орналасуы ұнады, сонымен қатар тілдерді тез ауыстыру.

Blog post image

Бірақ менің бұл мессенджерді қолданғым келмейді.

 

Посттың орысша түпнұсқасы

Аударушы – Айжан Орамбаева

 

-3
1703
0