место в рейтинге
  • 218151
  • 181
  • 42
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Самарқант сапары

Ақпанның ортасында болғанымда Самарқант қоңыр-салқан еді. Мамырдың ортасында балалар суға түсіп жатыр. Күн ыстық. Ал Өкіреш найман ауылы сәл самалды. Үргіт  тауынан лебі еседі. Ауыл әкімі Әбдсайт Абдурасулов әдеттегідей жылы қарсы алды. Кеңсе алдында суретке түскен соң Өкіреш атамыздың қабіріне барып құран оқыдық. Алда атқарар шаруаларымызды өзбек, қазақ болып бөлісіп алдық.

Өкіреш Найман ауылының кеңсесі. Оң жақтан екінші Өкіреш найман ауылының әкімі Абдсайт Абдурасулов, оң жақтан үшінші Камал қажы

Биыл құдай қаласа бабаға 1988 жылы қойылған, темір қаңылтырдан жасалған белгіні ауыстырмақпыз. Қызыл граниттен тас қоймақпыз. Ол таңдап алынды. Биіктігі –2,5 метр. Тұғырға орнатылар табанында  ені-1,3 метр. Қалыңдығы -70 сантиметр, салмағы -2,5 тонна. Алғы беті ғана өңделген –сынық. Осы сынық тас арқылы айтпағымыз біріншіден, Өкіреш Шал қазақ тарихының бір үзігі. Екіншіден, атамыз қазақ халқының бір сынығы.

Өкіреш Шалдың бейітіне қойылған белгі

Өзбектің Өкіреш найман, Қара найман,  Қызыл наймандары қазір тасты өңдеп болып, таңбаларды, жазуларды қашауға кірісті. Құлшыныстары керемет. Қабір басында тас орнын көгалдандыру, іргетасын құю, қоршауды сырлау сияқты жалпы жұмыстар атқарылуда. Осылардың басында Абдсайт жүр. Аудан, облыс (оларда ауданды –туман, облысты –уалаят дейді) республика деңгейінде қызмет істейтін наймандарын айтып, мақтанып қалды бір ақсақал. Екі-үш полковниктері бар екен.

-Біз де құр алақан емеспіз. Премьер-министріміз – Кәрім Мәсімов найман. Армия генералы М.Алтынбаев бастаған дәл бүгін қызметте жүрген жеті генералымыз бар. Тіпті, Қазақстанның генералдар қауымдастығының төрағасы, Жетысудың тумасы - Амангельды Құрманғалиев те найман. Мемлекеттік сыйлық иегерлері, депутаттар қаншама,-деп елімізден аз-маз хабар тараттық.

Өзбек наймандары таң қалды.

-Сіз, Камал аға, Әмір Темірдің Дүрмен найман екенін білесіз бе?-дейді түркітекті қандастарымыз, бізден кем түскісі келмей.

Мұны өткен жылғы сапарымда Құдайға шүкір, Тауфих ақсақалдар айтып берген. Әмір Темір (Біз ақсақ Темір дейміз) өз аталары екенін екі қария ұзақ әңгімелеген. Өкінішке қарай бір жылда екі қарт та  дүние салыпты.

Өзбек наймандарының мақтанышын тежемей, көтеріліп қалсын деген оймен:

-Шын ба? Білмейді екенмін,-деймін.

Сол, сол-ақ екен, өзбек ағайындар жарыса сөйлеп кетті. Тоқтатпадым. Әбден құмарынан шыққанша гәпірсін деп зейін қойып тыңдадым.

Жалпы Самарқант маңы кез-келген қазақты таң етеді. Ауыл аттары мынадай: Өкіреш найман, Қара найман, Қызыл найман, Тарақты, Қаракесек, Шанышқылы, Керей, Садырсай, Жағалбайлы, Балталы, Бағаналы, Меркіт, Маңғыт, Жанғұлы, Қарақұрсақ, Тоқпан. Бұл біздің көзімізге, облыс картасына түскені. Түспегені қанша екен?

Қазақтың Жиделі-Байсыны осы өңір-ау! Науаи, Жизақ облыстарында тіпті мол атау бар сияқты. Ташкенттің жанында ғана бірнеше қазақ ауылдары орналасқан. Шыршықтағы базарда:

-Қазақтар бар ма?- деп сұраған едім. Таяқ тастам жердегі таза найман ауылына алып барды. Балталы-Бағаналылар екен. Үй қақпаларында «сатылады» деген жазу. Мәнін айтпай-ақ түсіндік.

Бұл ауылдың алды ашаршылық кезінде, өткен ғасырдың 20-30 жылдары қоныстаныпты. Соңы кешегі Кеңес үкіметі тұсында келген екен. Өзбектенгісі жоқ. Балалардың қамымен атамекенге оралмақшы. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жезқазған өңірлеріндегі тума-туыстарынан қол үзбепті. Тұрмыс-тіршіліктері де көп ауытқымағандай. Базарда сүт, айран, құрт, ірімшік, ет сатып тұрғандар негізінен қазақтар. Ал жеміс-жидек, көкөніс жағы «өзағаларымыздың» еншісінде.

Ауыл үйдің тұрмыс-тіршілігі жаман еместей. Өзбекстанда шет елдік машиналар сирек. Негізінен өздері шығарып жатқан көлікпен жүреді. Сондай машиналар аулаларында тұр. Ал тазалық, қора-жайдың, бау-бақшаның реттілігі адам қызықтырады. Маңайларына су сеуіп, сыпырып жүр.

Бұларды сөз сірағасына айтып жатырмыз. Негізгі шаруамыз Ұлы баба-Өкіреш Шалға белгі орнату ғой. Сол істің осы кезеңге дейінгі бөлінгені тиянақты аяқталып келеді. Бұйыртса, туар айдық екінші онкүндігінде өзбек наймандар бізді мейман етіп, Өкіреш Шал атамыздың тасын орнатпақпыз. Бір мыңдай адам шақырып, құран бағыштамақ. Ас бермек. Сөйтіп, бүгінгі 11 миллион қазақтың ішіндегі  «найманбыз» дейтін 3 миллион ұрпағы бар Өкіреш Шал Әулиге құрмет көрсетілмек. Сіздер де атсалысыңыздар.

Шымкенттік ақын, марқұм Қаныбек Сарыбаевты замандастары қажамақ болса керек. Сонда Қаныбек ақын:

 

Білмесеңіз, біліңіз,

Қазақтың төрттен біріміз.

Отқа салса күймейтін,

Суға салса батпайтын,

Не деген жаны сіріміз.

Қабанбайдай батыр жоқ,

Ілиястай ақын жоқ,

Наймандарды күндейтін

Адамдарда ақыл жоқ,-депті.

Айтса, айтқандай, тарихын тереңнен іздеп жатқан, ертеңге нық қадам басқан қазақ деген халықтың бір руы –Найманның қуанышын бөлісіңіздер.

25 мая 2010, 15:17
2400

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Камал бауырым жарайсың ?! Мынау қысқа да нұсқа жазылған мақалаларыңды оқып дән риза болдым. Япыр-ау, Самарқанттың айналасында Қазақтар көп екен ғой. Тіпті, Әмір Темір әулие падишахтың - ДҮРНАЙМАН - екенін естігенде, "естімеген Елде көп" дегендей ерекше таңырқадым. Осы Самарқан Наймандарына мені қашан апарасың ? Рахмет саған Камалым !...
Совет Хан ҒАББАСОВ,
Жазушы-дәрігер, фантаст, драматург,
медицина және педагогика ғылымдарының докторы,
КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, профессор,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ШҚО-сы,
Зайсан ауданының құрметті азаматы,
Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты,
Халықаралық Нострадамус атындағы академияның
толық мүшесі – Академик.
ТӘУЕЛСІЗДІК АЛДЫН ДА...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналады.
Бұл - Тәуелсіздік алдындағы өлара мезгіл еді. Сонау-у-у, жеті жасар шағымда... екі-бірдей 19 және 17 жасар Ағайларым, он-ақ күн аралап... қайтыс болған сәтте... "ажалмен күреспек болған" - сәбилік антымды орындап, дәрігер-хирург ретінде (1965-1987) істегеніме 22-жыл болыпты. Медицинадан кандадаттық және доктолық корғап, үш кітапша ("Қан жүрісі - жүрек тынысы", "Дәрігер келгенге дейінгі көмек...", "Қатерлі ісіктің алдын алуға бола ма ?!"), жүзден аса ғылыми мақала жазып, төрт мыңнан аса үлкенді-кішілі операция жасап, жеті түрлі жаңалықтарыма куәлік алып қортындылаппын. Әйтседе, дәрігерлікпен ажалды жеңу мүмкін емес екен..
Осы уақыт ішінде... көптеген әңгіме-повесть-романдар жазып, 1974 жылы КСРО Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылдандым. Жазушылық арман еңсеріп, 1987 жылдың күзінен дәрігерлікті қойып... Москвадағы М. Горький атындағы "Әдебиет институтының" жанындағы... Жазушылар оқитын, екі жылдық - Жоғарғы күрске (ВЛК) - Қазақстан Жазушылар одағы жіберді. Осылайша, дәрігерлік мамандығыммен біржола хош-айтысқан едім. Күрсті 1989 жылы күзде бітіріп келісімен, Жазушылар одағының тапсыруымен... "Мектеп кеңесі" атты қоғамдық ұйымды басқаруға кірістім. Өйткені, осы жылдарда "Адам тәрбиесінің жаңа ілімі" жайында көптеген ғылыми мақалаларым жариялануда болатын. Бұл идеяға қызыққан "Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институты" - ғылыми кеңесшілікке шақырып, мүлдем жаңа бағыттағы ізденіске кірістік. Осын-ау... ғылыми талпыныстың арқасында , бұрын-соңды педагогика мен психология да жоқ - екі сатылы Методология (биологиялық индивид және сананы жетілдіру) - екі Жүйе ("Жүрек тәрбиесі" мен "Ақыл тәрбиесі") - жеті түрлі Негіздері - бар "Халық педагогикасы" дүниеге келіп, 2003 жылы осы тақырып та доторлық қорғалды. Міне осылайша... тіршіліктің жаңа өрісіне, құлаш ұрғандай болдық...
Осын-ау бір кезең... бейне дәуір ауысып жатқандай, аласапыран сыйпатта еді. КСРО атты орыс империясы құлауға жақын. Тіпті, "Балтық Елдері"... өздерінің Тәуелсіздіктерін жариялап та үлгірген. Кеңес одағының құрамындағы... басқа респуликалар да, өз мемлекеттіктерін құра бастаған. Сабыр сақтап отырған, тек Қазақ ССР-ы еді. Міне осы 1990 жылы... Ұлттық ғылым академия кітапханасының "сирек қорынан", "Қаракерей Қабанбай батыр" атты үлкен папкаға жолығып, ішіндегі материалдарымен таныса жүріп, халқымыздың "Ұлы қолбасшысына"... келесі 1991 жылы, туғанына 300 жыл толатынын байқадым. Сонымен қоса бұл папканың ішінде - Қабанбай батыр жайында жазылған 16-дастан, арап әрпімен жазылған қаншама деректі материалдар бар екен. Олармен арап әрпі пен төте әліпбидің маманы, М.Әуезов музейінің қызыметкері, марқұм Мұхаметханов Нариманның көмегімен біразын игергендей болдық...
Кездейсоқ табылған осы жаңалық, мені ерекше толқытты. Біраз күндер "не істеуді" ойластырумен болдым. Сөйтіп, Жазушылар одағының "фольклор кеңесіне" келсем, оның меңгерушісі Сәбит Досанов пен профессор Романқұл Бердібаев ағамызбен әңгімелесіп қалдық. "Қабекең" жайындағы папкаға... олар да қызғушылық танытты. Кеңесе келе... Жазушылар одағының атынан, сол кездегі Үкімет басшысы Н.Ә. Назарбаевқа..қысқаша рухсат сұрап хат жібердік. Көп кешікпей "жариялай беріңдер"- деген хабар да алынды. Осылайша, "папкадағы материалдарды" пайдаланып, "Алатау" телеарнасы бойынша... сәуір- маусым- тамыз - айларын да, бір сағат он минуттан үш хабар жүргізілді. Қаракерей Қабанбай батырдың үш жүз жылдығын атап өту, дәлелді түрде ұсынылды. Жалпы осы әрекеттердің барлығына да... Нұрекеңнің берген рухсат хатының әсері мол болды. Жаз бойы "Қабанбай батыр" атты мақала жазумен болдым. "Алатау" телеарнасында берілген хабарларды бар ынтасымен... үнемі хабарласа талқылай көріп, ерекше қызығушылық танытқан... халқымыздың "абыз ақыны", Әбділда Тәжібайевтің ақыл-кеңесі көп септігін тигізді. Уақыт шіркін де... тоқтау жоқ, сағымдай сырғанап өтіп жатыр. Қоңыр күздің аяқталып қалған кезі. Бір күні, қараша айының ортасында... Талдықорғаннан, Обком-хатшысының көмекшісі үйге телефон шалды.
- Совет-Хан ағай бар ма екен ?
- Иә-ә, тыңдап тұрмын.
- Сізбен, обкомның бірнші хатшысы Сағынбек Тұрсынов сөйлеседі.
- Иә, иә...
- Сәке сәламатсыз ба ?
- Сау-саламатсыз ба ?!
- Анау Сіз жасаған телехабарлардан соң, Қабекеңнің 300 жылдығын атауды сұраған, халық талабы көбейіп кетті. Біздер де хоштаймыз. Осы алдағы Желтоқсан айының басында Талдықорғанда "Қабанбай батырға" арналған ғылыми конференция жоспарланып жатыр. Соған Сіздің көмегіңіз керек...
- Сағынбек мырза - құлдық... дайынмын.
- Онда келістік. Адамдар хабарласады... аман-сау болайық, - деп соншама мол парасатпен тіл қатып еді...
Мен еш күтпеген жаңалықтан, тіпті сансырап қалғандай әсерде болдым. Қысқасы Желтоқсан айында... Жазушылар одағынан оншақты адам, Талдықорғанға жеттік. Екі күнге созылған "ғылыми конференция" аса жоғары дәрежеде өтіп, алғаш рет республикалық "ақындар айтысы" да тыңдалып, біраз шешімдер қабылданды. Ең бастысы... 1991 жылдың мамыр айында, "Ханбатыр"-"Дарабоз" - "Ұлы Қолбасшы" - Қаракерей Қабанбай батырдың 300 жылдығын, республика көлемінде атап өтетін болды. Дәл осы көнференция кезінде "Қазақ әдебиеті" газеті... "Ерасылдай Ер қайда..." атты менің мақаламды да жариялады...
Осының бәрі де бір АЛЛАНЫҢ рахымымен болып жатқан сияқты ?! Көптен бері елеңдеп жүрген ... Қазақ Елінің тәуелсіздік декларациясы, 1991 жылы Қазанның 25-і күні қабылданып, 16-шы Желтоқсанда дүние-жүзіне әйгілі болды. Бұл Қазақ халқының көптен күткен мұраты еді. Үлкен тартыспен болса да, Қазақ тілі - мемлекеттік тіл - болып бекітілді. Біраз елдің "Елшілері" - қазақ тілінде сөйлеп, өз құрметтерін көрсетіп жатты. Жазушылар одағының жанындағы "мектеп кеңесінің" ауқымды жұмыстарының арқасында, 1990-91-ші екі жылдың ішінде... Алматыда 7-і қазақ мектебі мен 13-балабақшалары ашылды. Қазақтар балаларын... орыс мектептерінің 3-4-ші кластарынан алып, жаңа ашылған қазақ мектептеріне бере бастады...
Осылайша, Ұлттық ояну мен өрлеудің әсерінен, Қазақ халқы өзінің өткен тарихы мен тұлғалы адамдарына бет бұрды. Соның дәлеліндей, Тәуелсіздіктің алғашқы үш жылында-ақ, Қаракерей Қабанбай батырдың 300 жылдық мерей тойын - Талдықорған облысы атаумен қоса, Алакөл ауданында ат үстіндегі үлкен ескерткішін ашты. Қабекеңнің мерей тойын, Семей облысының Мақаншы ауданы мен Шығыстың - Тарбағатай ауданында да өткізді. Өркенді зерттеулердің нәтижесінде, Астана қаласының жанынан (35км) Ұлы қолбасшының моласы табылды. Аса құнды осын-ау деректі, "Хабар" телеарнасының беделді жұрналисі Махат Садық бүкіл республикаға ғылыми дәлелденген бейнелі хабарын жүргізді. Осы хабардан кейін, өзімнің білетін тарихи деректеріммен, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа - ДАТ ! - деген хатымды (16-қараша 1998ж) жолдап, "Қабанбай батырдың" кесенесін тұрғызуды өтінген едім. Осы хаттан кейбір үзінді келтірейін.
"... Қабанбай батырдың орны бөлек екенін, ғұламалар Мұхтар Әуезов пен Мәшһұр Жүсіп Көпеевтен артылтып айтқан ешкім де жоқ. Мәселен, Мәшһұр Жүсіп : - " Қазақта Төледен артық - Би, Қаракерей Қабанбайдан асқан - Батыр жоқ," - деп түйіп те, қиып та айтыпты. Көмекей әулие Бұхар жырау мен үкілі ақын Үмбетейлер де : - Қаракерей Қабанбай батырдан бұрын... ешкімнің де аттарын атауға, - дәттері жетпегені тарихи шындық. Мінеки, "әділетті арым" дейтін Елбасымыз Нұрсұлтан мырза, Ақорданың іргесінде "әулиенің соңы" атанған қасиетті аруақ жатыр. Сол аруақтың басына бүкіл "Ақтабан шұбырынды" заманының "асқақ монументін" салып, сырттан келетін "құрметті қонақтардың" ат басын бұратын орынға айналдыру, ата-баба алдындағы - қарызыңыз болғанда, ұрпаққа берер - парызыңыз екенін, "дат үстінде" ескетуді жөн көрдім. Қара қылды қақ жарып айтар үкіміңізді Ел-жұртыңыз күтеді... (соңы)
Тарихи деректер келтіріп жазылған, осындай (1999) хатты Қасым-жомарт Тоқаевқа да (мем.архивте) жазыппын. Бұл күнде "Қабекеңнің кесенесі" бүкіл иісі Қазақтың "тәу-етер" орнына айналып, қасында 4-5 шақырым жерде... "Қабанбай ауылы" көркейе өсіп келеді. Қазақ халқының жер-бетінде қалуы... иә қалмауын шешкен, Жоңғар шапқышылығын ұлы жеңіспен аяқтаған "Дарабоз - Қолбасшы" - Қабанбай батырға тұрғызылған кесенеге қоса, республиканың біраз қалаларында бой түзеген ескерткіштері де көп. Былтырғы жылы Үкіметтің арнайы шешімімен... Қабанбай батырдың кесенесінің жанынан, "мемлекеттік пантион" ашылып... жұмыс істей бастағаны да белгілі. Жасымыздың егде тартуына байланысты, өзім де "Қабекеңнің қасынан" орын алуды Ел азаматтарына тапсырамын. Осы Наурыз айының өткен аптасында ғана... Астанада болған сәтімде, Қабекеңнің басына тәу-ете келіп... аяаулы замандасым, Қазақтың асқақ ойлы ақыны... Фаризаға да дұға жасап, көңіл толқыныстарында болдым. Бүгінде... қай нәрсенің қайырын сұрағанда да, Халқымыздың келешегі... кемелді болуын, ақ ниет шын жүрегіммен тілеймін...
Алматы, 28. 03. 2015 жыл.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8309
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 5692
  • 22
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 окт. 2017 / 15:10
  • 3172
  • 12
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3109
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 окт. 2017 / 10:47
  • 3101
  • 20
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2371
  • 29
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 1782
  • 6