Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
00:21, 16 марта 2015

ТУҒАН КҮНІҢМЕН ҚЖИ!

13 наурызда Әкімшілік полиция басқармасының мәжіліс залында, салтанатты түрде 15 жылдық мерейтойын атап өтуге жас инспекторлар жиналды.

Тарихқа көз жіберсек. Егеменді Қазақстанымыз ЖҚИ қозғалысының қайта құрылуына Шығыс Қазақстанға борыштар. 2000 жылы Өскемен қаласында алғашқы жол қозғалысының жас инспекторларының слеті өткізілді. «Изумрудный» балаларды сауықтыру лагерінде алғашқы 19 ҚЖИ отрядтары жиналды. Жас жол қорғаушылары қызметінің құрылуына және дамуына бастамашы ШҚО ІІД Жол полиция басқармасының бастығы (бүгінгі күнде ШҚО ІІД бастығының орынбасары) Ерлан Жұмаділов болды.

Бір жылда ҚЖИ қозғалысы бүкіл республикаға кеңінен таратылды. Қысқа мерзімде Қазақстанның жас инспекторлары шетелдік құрдастарына жетіп, Ресей, Тәжікстан Республикасында жиындарға қатысып оларды басып озды.

Blog post image

ҚЖИ белсенді қызметінің 15 жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысында 350 000 жасөспірімнің қатысуымен 300 ҚЖИ жиыны өткізілді. Жарыс нәтижесі – Тәжікстан Республикасында, Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасындағы бірнеше жүлделі орындар.

Мерейтой құрметіне балалар құттықтау нөмірлерін дайындады. Салтанатты жиын ҚЖИ туын әкелуден басталды. Үш жыл бұрын ҚЖИ слетіне Тараз қаласында өз өмірін құрбан етіп айналасындағы адамдарды террористен құтқарған взвод командирі капитан Ғазиз Байтасовтың есімі берілді. Залдағы қонақтарға жас инспекторлар оның өмірі мен ерлігі туралы баяндап бейнеролик көрсетті. Ғазиз Байтасовты бір минут үнсіздікте еске салды.

Басшылық және жеке құрам атынан мерейтой иелерін туған күндерімен ШҚО ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Е.К. Карменов құттықтап зор деңсаулық, сабақтарында және алдағы жарыстарда табыс тіледі. ҚЖИ қозғалысының дамуына үлкен үлес қосып балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларына белсенді қатысқан Өскемен қалалық әкімшілігінің «Жігер» КМҚК директоры Е.Н. Деш, Мемлекеттік автоинспекцияның ардагері, ШҚО ІІД ардагерлер кеңесінің мүшесі А.Д. Шерстюк, Өскемен қаласының білім бөлімінің бас маманы А.К. Жампеисовқа құрмет грамоталары табысталды. Сонымен қатар қалалық жасөспірімдер клубтарының өкілдері құттықтау нөмірлерімен сахнаға шықты. Салтанатты мереке естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

Луиза Уалканова

ШҚО ІІД Баспасөз қызметі

0
2348
0