Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
10:12, 20 июня 2010

Әль-Хиджама (Ислам медицинасы)

«Хиджама» - әль-хаджим сөзінің түбірінен туындайды, «сорылу» мағынасын береді.

Әль-Хиджама-Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) маңызды сүннеттерінің бірі болып саналатын, қан алғызуды білдіретін термин.

Анас Ибн Малік (р.а.) жеткізген хадиске сәйкес Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Көкке (Исраға) көтерілгенімде, барлық деңгейінде маған: «Мұхаммед, өз үмбетіңе қан алғызуды бұйыр»-деп айтылды» (Ибн-Маджа).

Соған байланысты Ибн Аббас (р.а) емделгенін және маманға ақысын төлегенін айтқан (Әль Бухари, Муслим).

Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Тайибада қан алғызу арқылы ем қабылдағаны белгілі. Одан кейін оған 2 өлшем ас беруді бұйырды және салық жинаушыға дәрігердің салығын азайтуын сұрады.

Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтуы бойынша «Сендер пайдалана алатын емнің ең жақсысы-ол қан алғызу» (әль-Бухари, Муслим)

Қан алғызуды қашан жасаған жөн:

Ибнь Аббас (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «қан алғызумен емделуге ең жақсы уақыт - ол айдың 17, 19, 21-ші күндері»-деп айтқан. (ат-Тирмизи). (Бірнеше нұсқауларымен). Аздаған ерекшеліктері (өзгерістері) бар ұқсас хадистер Ибнь-Маджда, Әбу Дәуітте және Байхакта келтірілген.

Бұл хадистер бірнеше нұсқауда және кейде дайф болғанымен, олар бір-бірін толықтырып нығайтады.

Имам Ибнь әль-Қайм (р.а.) айтады: «Бұл хадистер дәрігерлердің айтуымен сәйкес келеді: қан алғызуды айдың 2-ші жартысында жасаған жөн және айдың 3-ші аптасы айдың басы немесе соңынан жақсырақ». Бірақ қан алғызу қажеттіліктен (мұқтаждықтан жасалған болса, ол сонда да ағзада жақсы әсер етеді, айдың басы және соңы болса да). Ахмед Ибн Ханбали ай уақытына қарамай қан қысымы жоғарылаған сайын қан алғызумен емделген. Ғұламалар қан алғызуды тоқ қарынға жасағанда мақұлдамаған, өйткені ол ішек өткізбеушілікке және шыдатпайтын ауырсынуға алып келуі мүмкін, әсіресе тамақ ауыр және нашар болса... Жоғарыда айтылған уақыт таңдау қателеспеу үшін және денсаулықты сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шарасы болып табылады, бірақ ауруды емдеу қажеттілігі болса қан алғызуды жасау керек»

Аль-Хафиз ибн Хаджар (р.а.) айтқан: «Дәрігерлердің айтуы бойынша, қан алғызудың ең әсерлісі – оның аш қарынға емес, тоқ қарынға емес, ванна қабылдаудан 2-3 сағаттан кейін жасалғаны. Қан ағызу үшін арнайы күндер жөнінде Ибн Омар, ибн Маджа жеткізген хадисінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Қан алғызуды бейсенбі, дүйсенбі және сейсенбіде тағайындаңдар, Аллаһ сендерге разы болсын, бірақ қан алғызуды сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері тағайындаудан бас тартыңдар». Соған байланысты әль-Халал Имам Ахмадтың сол күндері қан ағызуды жақтырмағанын жеткізген, бірақ ол хадис дәлелденбеген. Әбу Дәуіт жеткізгендей Абу Бакір (р.а.) қан ағызуды сейсенбі күндері жасамаған және: «Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сейсенбі – қан күні, ол күні қан тоқтамайтын бір сағат бар деген»-деп айтқан.

Айдың басы немесе соңында жасалған қан алғызуға қарағанда айдың 2-ші жартысында жасалған қан алғызу аса тиімді екенімен дәрігерлер де келіскен.

Аль-Муeаффак аль-Бағдади айтқан: «Дененің қан ағысы айдың басында күшейіп, соңында азаяды, сондықтан қан ағызудың ең жақсы уақыты-айдың ортасы».

Жоғары айтылған хадистер жиынтығы бұл мәселенің маңыздылығын көрсетеді, әсіресе дәрігерлер оны дәделдегеннен кейін.

Егер айының 17, 19, 21-ші күндері бейсенбіге сәйкес келсе, ол қан алғызуға ең жақсы уақыт деп саналады, бірақ сонымен қатар оны басқа уақытта жасау дұрыс емес екенін білдіреді.

Емдеу түрі ретінде қан алғызуды белгілі бір уақытпен шектемей, қажеттілік туған кезде жасаған жөн. Бірақ оны дұрыс жасап жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек. Қан алғызуды тәжірибелі маман жасау керек және ол арнайы құрал қолдану шарт.

www.uagyz.kz сайтынан

0
2363
0