Марқұм Стив Джобстың ізімен.

Самат Смаков 2015 M03 9
361
0
3
0

Негізінде “ақылды” сағаттар деген түсінік атам заманнан келе жатыр, сол баяғы Стив Джобс атамыз өзінің iPhone-ын 2007 жылы көрсеткен мезетте адамзатты жын қақандай барлығы ұялы телефондарға...

Соңғы екі жыл бойы біз hi-tech әлемінде  жаңа тармақтың ашылуына куәгер болып келеміз. Бұл “ақылды” сағаттар.

Негізінде “ақылды” сағаттар деген түсінік атам заманнан келе жатыр, сол баяға Стив Джобс атамыз өзінің iPhone-ын 2007 жылы көрсеткен мезетте адамзатты жын қақандай барлығы ұялы телефондарға  iPhone жасаған төңкерілісті сағат, теледидар, фотоаппарат тармақтарындада жасағысы келді.

Кейбіреулер тіпті жүзіктерді ақылды қылғысы келгендер де табылды. Сол баяғы Стив ағамыз марқұм болмастан бұрын “iWatch шығарыңдар” деген өсиеті бар, деген өсек шыққаннан кейін hi-tech индустриясының сағаттарға соншалықты көңіл бөле бастады.

Кешегі өткен Apple event-та алмалылардың көрсеткен сағанты туралы шынын айтсам, үмітімді ақтамады. Себебі алмалылар әр қашан барлық салада әр өнімі алдыңғы қатарда келетін. Кешегі көрсеткен макбукінің өзі неге тұрарлық?! Ал “алма сағаты” кейбір Android сағаттардан да функцияналдық жағынан артта қалып келеді. Тіпті алмалылар тек дизайнына ғана көңіл бөлетін секілді, оның өзі қыртымбай. Huawei-дің, Motorolla-ның сағаттарына қарағанда.

Бұл Moto 360.

Бұл Huawei watch

Ал бұл әң әдемі сағаттар

Тіпті алмалыр өздерінің өнімін тек байсымақтар басқа байсымақтарға мақтану үшін алады, деп ойлайтын сияқты. Кешегі Apple event-те ең күлкініштісі “Full day battery life” - деп айқай салғаны, басқа ақылды сағаттар 2-3 күн өмір сүре бастағанда Тим Куктың бұл айқайы жан айқайы сияқты болды. Қара құрлықта ақ қыздың бейне клибында, қыз оң қолына iPhone 6-ны тағып алып, сол қолына “Apple watch”-ті тағып алып “қандай қолайлы” дегені тіпті КВН-нан бір көрініс секілді кеді :)

Енді шыныменде байсымақ қаншалықты бай екенін қолындағы сағатына қарап білетін боламыз. Ал Алладан тілерем қазақтың қара домалағы 17000$-лық алтын Apple watch-ті кредитке алмаса болғаны.


Оцените пост

-2