Ана мен бала

Талгат К 2015 M02 20
821
1
5
0

1 жасыңызда сізді қолына алып тамақтандырды және жуындырды. Түні бойы жылаумен оны ұйықтатпай алғыс айттыңыз. 2 жасыңызда сізге жүруді үйретті. Сізді қасына шақырғанда, бөлмеден қаша...

Ана мен бала

1 жасыңызда сізді қолына алып тамақтандырды және жуындырды. Түні бойы жылаумен оны ұйықтатпай алғыс айттыңыз.

2 жасыңызда сізге жүруді үйретті. Сізді қасына шақырғанда, бөлмеден қаша алғыс айттыңыз.

3 жасыңызда ықылас толы сізге тағам дайындады. Табағыңызды үстелдің үстіне төңкере алғыс айттыңыз.

4 жасыңызда қолыңызға түрлі-түсті қаламдар ұстатып жіберді. Үйдің бүкіл қабырғасына сурет сала алғыс айттыңыз.

5 жасыңызда сізді әдемі киімдермен безендіріп киіндірді. Кездескен ең бірінші балшыққа атыла алғыс айттыңыз.

6 жасыңызда сізді оқуға өзі алып барды. Көшелерде “БАРМААААЙМ” деп жылай алғыс айттыңыз.

7 жасыңызда сізге бір доп сыйлыққа берді. Көршінің терезесін сындыра алғыс айттыңыз.

9 жасыңызда сізге пианино мұғалімін тауып берді. Ноталарды бір күн болса да қарамай алғыс айттыңыз.

10 жасыңызда туған күн кештерінен бастап би дәрістеріне дейінгі түрлі жерлерге сізді өз көлігімен алып барып жүрді. Көліктен шыға, артыңызға бір де бұрылмай алғыс айттыңыз.

11 жасыңызда сізді досыңызбен бірге киноға алып барды. “Сен бізбен отырма” деп алғыс айттыңыз.

12 жасыңызда сіздің пайдасыз теледидар бағдарламаларын қарағаныңызды қаламады. Ол үйде болмаған кезде кез келгенін қарап алғыс айттыңыз.

15 жасыңызда сізді шетелдегі жаздық лагерьге жіберді. Бір де бір хат жазбай алғыс айттыңыз.

17 жасыңызда досыңызбен кешкі жиын тойға баруыңызға рұқсат берді. Бір телефон шалмастан үйге тек таңға жақын келумен алғыс айттыңыз.

19 жасыңызда оқу шығындарыңызды өтеді, сізді көлігімен оқу орныңызға жеткізді. Достарыңыз мазақ қылмасын деп, алыстан қоштаса алғыс айттыңыз.

21 жасыңызда болашақ жұмысыңыз және мансабыңызға қатысты сізге пікірін білдіргісі келді. “Мен сен сияқты болмаймын” деп алғыс айттыңыз.

22 жасыңызда университет бітіру кешінде түріңізге қарап мақтан тұтты. Европа елдеріне саяхатыңыз үшін ақша сұрай алғыс айттыңыз.

24 жасыңызда ұзақ мезгілден дос болып келе жатқан жолдасыңызбен танысқысы келді. “Уақытын өзім білем” деп алғыс айттыңыз.

25 жасыңызда үйлену тойыңыздың шығынын көтерді, сіз үшін бақытты да болды, уайымдады да. Сіз дүниенің басқа шетіне қоныс аудара алғыс айттыңыз.

30 жасыңызда нәресте бағу хақында сізге кеңесін бергісі келді. “Бұл ескі әдістеріңді тасташы” деп алғыс айттыңыз.

40 жасыңызда сізге телефон шалып, бір туысқаныңыздың туған күнін есіңізге салды. “Мама, жұмысым басымнан асады” деп алғыс айттыңыз.

50 жасыңызда ол қатты науқастанды, демалыста оны көруге келгеніңізде қатты қуанды. Оған “қарттар бала сияқты ерке болады екен” деп алғыс айттыңыз.

Сөйтіп жүргенде бір күні... ол қайтыс болды. Сол күнге дейін ол үшін жасамаған қандай нәрсе болмасын, сол сәтте барлығы ауыр жүк болып, жүрегіңізге найзағай тигендей із қалдырды...

Оцените пост

5

Комментарии

0
Керемет жазылған. Ата-анаңның қадірін жоғалтқанда білерсің.
Показать комментарии