Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
22:39, 05 февраля 2015

Маңғыстау ОТД шағын-футбол командасы Ақтау қаласындағы футзал жөніндегі чемпионаттың 1 турында 1 орын алды

Салауатты өмір салтын ұстау және бұқаралық спортты дәріптеу мақсатында Ақтау қаласындағы футзал бойынша қала командалары арасында чемпионат басталды.

2012-2014 жылдар аралығында 3 жыл бойына «Қазақтелеком» АҚ Батыс аймақтық филиалдары арасында үш дүркін  чемпион болған Маңғыстау командасы Ақтау қаласындағы футзал жөніндегі чемпионатқа белсенді қатысып келеді. Бірінші лиганың бірінші турының қорытындысы бойынша байланысшылар командасы бірінші орынды иеленді.

Команда құрамына Маңғыстау ОТД Іс басқарушысы директоры Е. Шамдығу және «Жастелеком» жастар ұйымының белсенді жастары М. Тәкенов, Б. Шуақбаев, А. Мұстажаев, Б. Ерманов, К. Хожантаев, Н. Сүйіпов, О. Досмұхамедов кіреді.

 

Маңғыстау дирекциясы өзінің қызметкерлерін құттықтайды.

 
1
355
0