Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:43, 04 февраля 2015

Оқушыларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыныптан тыс сабақ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу туралы айтылған. Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында Департамент қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 31 қаңтары күні №7 мектепте және 3 ақпан күні №40 мектеп оқушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыныптан тыс сабақ өткізілді. Шараны ұйымдастыруға 3-4 сыныптарының жетекшілері қатысты. 
Шара барысында «Сыйлық және алғыстың басқа да түрлері» тақырыбында слайд көрсетілсе, оқушылар сыйлықты бір нәрсеге ауыстыру немесе қандай да бір нәрсені мақсат ету үшін емес шын жүректен беру қажеттігін ұғынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайларын талдауға «Қожанасыр мен бай», «Алдар көсе», «Теремок», «По шучьему велению», балалар шығармашылығынан «Айболит», «Дядя Степа милиционер» атты халықтық ертегілер қолданылды. 
Берілген тапсырмаларға балалар тарапынан қызу жауаптар беріліп, өздерінің отбасылары мен еліне деген махабаттарын білдірді. Сонымен қатар, болашақта Қазақстан қоғамын адал, таза, әдепті сыбайлас жемқорлықсыз көретіндіктерін жеткізді.
Шараның соңында Департамент қызметкерлері ұстаздармен оқушыларға сабақты ұйымдастырып, оған белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.

 
0
869
0