Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:33, 28 января 2015

БҚО Білім Басқарамасында өткен онлайн семинар

Бүгін, ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні сағ. 15:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын түсіндіру бойынша онлайн режимде семинар өткізілді.
Іс-шараға БҚО білім басқармасы аппаратының қызметкерлері мен басшылары, бағынысты мекемелердің басшылары және аудандық білім беру бөлімі қызметкерлері қатынасты.
Семинар барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Масимова В.Н. Стратегияның негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш өз баяндамасында сыбайлас жемқорлық заңнамаларындағы жаңа өзгерістер мен 2014 жылы білім саласында анықталған және қаралған тәртіптік істерге тоқталды.
Мектеп, колледж директорлары, Орал қаласы мен Зеленов ауданының білім беру бөлімдерінің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген шаралар туралы және еңбек тәртібін сақтау тәжірибелерімен бөлісті.

0
341
0