Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:24, 27 января 2015

Кенесары хан туралы дерек бар да, басы жоқ... – Х.Әбжанов

 

Қазақтың соңғы ханы Кенесары бабамыздың басы Мәскеуден де, Петербордан да табылмайтын сияқты. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне келген «Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Ханкелді Әбжанов енді ханның басын Батыс Сібірден іздеу керек деген болжам айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Кенесары бабамыздың басын қайтару күн тәртібінен түспеген мәселе. Қазір біздің институт мемлекеттік қолдау аясында осы мәселе бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Соңғы пікір – Кенесарының басы Мәскеуден де, Петербордан да табылмайтын сияқты. Ең қымбат дүниелерді сақтайтын «Мемлекеттік қорғау» деген бар. Кенесары ханның басы сол жерде болуы мүмкін деген болжам бар. Сондықтан, Кенесары ханның басын Батыс Сібірден, Омбыдан іздеу керек деген тағы бір байламға келіп отырмыз. Дегенмен, ізденіс жүріп жатыр. Биыл осы мәселе бойынша Петерборға да, Омбы мен Томсктің музейлеріне де жол түсті. Дерек бар, бас жоқ... Бірақ, биыл да, жалпы, алдағы уақытта да іздеу жұмыстары аяқталмайды. Бір дерек шықса, сүйінші хабар бізден болсын», - дейді Әбжанов.

 

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

0
1050
0