Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:52, 29 декабря 2014

Отан неден басталады?

«Отан» деген сөзді естігенде әжемнің үйінің арт жағындағы кең дала ойыма түседі. Мен «Үштөбе» ауылына жиі барып тұрамын. Ауыл қалаға жақын орналасқандықтан, әкем ол жерге анда-санда жаяу барады. Маған бару жолы ұнайды: жаңа құрылыстар және қалалық қарбаластардан кейін, қоршаған даламен және ормандармен тегіс жол ілесе тыныштықтың жағымды сезінуін алдарқатып береді. Поселкеге кіре берісте әтеш тұрады және барлығына сәлем береді. Бұрында осы жерде ең ірі құс фабрикасы орналасқандықтан, бұл әтеш сол жерде тұр. Ол құс фабрикасының нышаны болды. Ауылдың алғашқы атауы неміс халықтары мекендегенде «Энгельс» болатын. Бірақ қазіргі кезде олар өздерінің тарихи отанына оралды. Барлығына өз Отаны, барлығына өз үйі.Апамның үйіне бар жатқанда, жол ауылды даладан бөлетінін байқауға болады. Бұл жол менің сүйікті даламда орналасқан әуежайға апарады.

Балалық шағымда мен апамның үйіне барып, көршілердің балаларымен ойнауды ұнататынмын. Менің ең жақын құрбым Камилла болатын. Үйге келген бетте бәрімен амандасып, досыма жүгіретінмін. Мен құрбымның итінен қатты қорқатынмын, сондықтан шарбақтың алдында тұрып, оны айқайлап шақыратынмын. Ол маған өзінің бақшасынан жұпаргүл сыйлайтын, өйткені менің гүлдерге махаббатым туралы білетін. Біз екеуіміз көп ойнайтынбыз, көбінесе өзіміз аспазшы болып, балшықтан, шөптерден әр түрлі «тамақтар» дайындадық. Содан кейін үстелді әдемілеп жасап, мейрамханада отырғандай тамақ ішетінбіз.

Кешке қарай барлық балалар далада жиналатын. Бұл біздің екінші үйіміз болды. Дала соншалықты кең болатын, біз балалармен ол ешқашан бітпейді деп ойлайтынбыз. Жаңбырдан кейін кемпірқосақ пайда болғанда, біз оны қолымызбен ұстағымыз келетін. Балалармен күннің батуын тамашалайтынбыз. Сиқырлы дала. Менің Отаным.

Біз ол жерде көп уақыт өткізетінбіз. Қас қарайғанда менің анам, апам немесе тәтем бізді шақыруға жолға шығып, бізді күтіп тұратын. Мен ағаларыммен оларды естігенде, тәтті кешкі асқа асығып, үйге қайтатынмын. Басқа да балалар үйлеріне қайтып, өздерінің оқиғаларын үй іштеріне айтып беретін.

Бақалардан қорқатынымызға қарамастан, оларды бақылайтынбыз, құстарға қарап олармен бірге ұшатынбыз, әр қоңызды, әр өсімдікті зерттедік. Осының бәрін бізге кең даламыз көрсетті.

Мен қорқынышыма қарамай, велосипед тебуді үйрендім. Ағаларым велосипед тебуді үйрене алмағаныма ызаланатын. Бірақ даланың жеріне аяғымды басқан соң, үйрене бастадым. Дала маған қолдау берді, қорқынышым қашып кетті. Қазіргі таңда мен далада көлік айдауды үйреніп жүрмін. Мен газға басқан сәтте, өзімнің бұрынғы «Аист» велосипедімнің тепкісін айналдырған кездерім есіме түседі.

Балалық шақтың барлық жағымды жағы даламен байланысты. Дала бізді дос болуға және сүйіспеншілікке үйретті. Отан осыдан басталмай ма?

Халықтың көптеген патриоттары тәріздес , менің атам Ұлы Отан соғысына қатысты. Мен соғысқа қатысқандардың, майдан кезінде қандай сезімде болғаны туралы ойланамын. Тек қана үлкен батырлығы және кең жүрегі бар адамдар отан үшін өмірін қиған. Мүмкін, менің де  отаныма бір пайдам тиер. Мен патриотттық сезімі үшін отбасыма, атама және Олжас Сүлейменовке алғыс білдіремін.

Мен әрқашанда оның сөзін есімде ұстап жүремін: «Әркім егер де адам болса, міндетті түрде жеңу керек. Тұрмыста сыпайы бол. Соғыста, жұмыста, ғылымда, бокста абжауқын бол. Біздің Әлия, Мәншүк, Бауыржандарымыз соғыста сыпайы болды ма?»

Олжас Сүлейменовтің сөздері мені күресуге, ештемеден қорықпауға қанаттандырады. Бірнеше сөйлем болса да, менің көзқарасымды өзгертіп, мені талапшылдыққа және отаншылдыққа баулыды.

Әлем алға басады, біздің де онымен бірге жүруіміз керек. Менің белсенділігімнің қозғағышы Отаныма деген махаббат болып табылады. Өзімнің ана тілімді білмей,  отаншылдық қасиеттің толық болмайтынын түсінемін. Мен он бір жыл қазақ мектебінде оқысам да, менің отбасым орыс тілінде сөйлеседі,оған себеп бұрыңғы кездерде қазақ мектептерінің болмауы шығар. Қанша дегенмен, мен өзімнің ана тілімді толық меңгеруге тырысамын, басқалар маған қарап үлгі алады деп үміттенемін.

Тіл халықты байланыстырады және топты топтастырады. Қазақстан-үлкен көп ұлтты шаңырақ. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді білмеу - үлкен мәселе, бұл халықтың мәдениеті мен діліне кері әсерін тигізеді. Нұрсұлтан Назарбаев айтып кеткендей, мемлекеттік тіл ұлт үшін цемент болып табылады. Шетелдіктер қазақ тілінде қалай сөйлейді, егер қазақтар өздері тілдерін құрметтемесе?

Менің ойымша, оған себеп – мемлекет қазақ тілін білуді міндеттейді, бірақ қызығушылыққа  баулымайды. Жастар қазақ тілін білмей жақсы жұмысқа тұра алмайтындықтарын, Қазақстанда аз жетістіктерге жететіндерін түсінеді, бірақ есіктен шыға олар орыс тіліне көшеді. Егер Қазақстан зиялылары мемлекеттік тілді заманға сай, білімді қазақстандықтардың тілі ретінде насихаттаса, болашақта жастар артылған сенімді ақтап, толық, тәуелсіз, басқа елдермен теңесетін елді құрайды.

Жаңа ұрпаққа үрдіс қызықты. Сән әрқашанда жиынтықты басқарады, сондықтан мемлекеттік тіл сәнге айналу керек. «Тілдердің үшбірлігі» стратегиясы кедергі келтіреді, бұл стратегия ағылшын мен орыс тілдерін дамытады, ал қазақ тілінің тынысын тарылды. Шет елдердің тілдерін білмес бұрын, ана тілінде еркін сөйлеу керек. Менің ойымша, жаңа технологияларды, оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, біз мақсатымызға тез қол жеткізе аламыз.

Аз уақыт аралығында үлкен жетістіктерге жеткен мемлекет, өзінің әдемі тілімен, шығыс бейнесімен туристерді тартқанымен қоймай, Қазақстанның жаңа даму арнасын алады. Мен еліміздің жас өкілі ретінде, отанымның дамуына өз үлесімді қосуды және сенімді ақтауды армандаймын.

Отан туралы шексіз айта беруге болады, бірақ қанша дегенмен,Отан елге деген махаббаттан басталады.

 
0
3564
0