Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:55, 24 декабря 2014

Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті

2014 жылғы 24-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановтың, Министрліктің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинның және Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызының қатысуымен «Жастардың діни сауаттылық деңгейін арттыру, жастар арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, толеранттылықты насихаттау» тақырыбында брифинг болып өтті.

Бастапқы сөзді алған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.Әзілханов Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауы желісінде еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыруда Министрлік алдындағы міндеттер туралы айтып өтті. Мемлекетіміздің зайырлы сипаты еліміздің дамуының бүгіні мен болашағын айқындайтын негізгі қағидат екендігіне жан-жақты тоқталды. Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен ауызбіршілікті сақтау мен нығайтуда мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара сенімге негізделген тығыз ынтымақтастықта жұмыстар жүргізіп отырғанына тоқтала келе, соңғы уақытта елімізде дін атын жамылған әртүрлі ұйымдар мен керағар ағымдардың идеяларының бой көтеріп отырғанын атап өтті. Ол, осы ретте, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алуда қоғамның барлық топтары атсалысуы керектігін және жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейте түсудің қажеттілігін баса атап өтті.

Одан кейін сөз алған Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин дін саласындағы уәкілетті орган болып табылатын Дін істері комитетінің мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүргізу шеңберінде жұртшылықпен, оның ішінде жастармен өткізіліп отырған жұмыстарға кеңінен тоқталған болса, А.Әбдірәсілқызы жастардың діни сауатын көтерудің маңыздылығына тоқтала отырып, осы желіде жалпы білім беретін орта мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқытылатын «Дінтану негіздері» пәнінің мазмұндық сапасын көтеруге қатысты қолға алынып отырған жұмыстар туралы айтып өтті.

0
194
0