Yvision.kz
kk
0
05:13, 06 декабря 2014

«Воля небес» телехикаясы

Дорамдар – көпшілікке танымал телехикаялар. Көрермен көңілінен шыққан бұл туындылар шынайы өмірді сипаттайды.

Blog post image

Blog post image

Сан түрлі киімдері мен сюжет желісінің қарқынды дамуы, музыкалық сүйемелдеуі талғампаз көременнің назарын еріксіз өзіңе аударады. Телехикаяда махаббат пен өшпенділік, қуаныш пен қайғы-қасірет тоғысқан. Сондықтан болар, әрбір  кино туындысы көрерменнің жүрегіне жол тауып, ерекше әсер қалдырады. Кинотуындының желісі көрерменді еліктіріп, түрлі сезімге бөлейді. Олар 20 бөлімінен тұратын телехиқаяны бастан аяғына дейін көздерін бір үзбей көргендерін айтады.

Blog post image

Патша дәрігері Чхве Вон жұбайы қайтыс болғаннан кейін ауыр сырқатқа шалдыққан қызының тәрбиесімен өзі айналыса бастайды.

Blog post image

Дәрігер қызының сырқатына дауа болатын шипалы дәріні іздеп, табуға бел буады. Алайда мақсатына жеті үшін оған тағдырдың талай сынағынан сүрінбей өтуге тура келеді. Қаскүнемдер Инчжон патшаға қарсы қастандық ойлап, оған Чхве Вонды араластырады. Нәтижесінде дәрігер науқас қызын алып қашуды жөн көреді.

Blog post image

Қиын жағдайға тап болған Чхве Вон өзіне ғашық болған медбике Хон Да Инға ғана сенім арта алады.

Blog post image

Детектив Ли Чжон Хван қашқындардың ізіне түсіп, жағдайды одан әрі шиеленістіре түседі. Тосыннан іске қарақшылар басшысының қызы Со Пэк араласады.

Телехикаяның немен аяқталатынын білгілеріңіз келсе, кинокөрсетілімді жіберіп алмаңыздар!

Дүйсенбі-бейсенбі, 22.00-де "Хабар" арнасында

0
397
0