Yvision.kzYvision.kz
kk
1
00:10, 17 декабря 2014

«Бажалар» телехикаясы

Басты рольдерді Қадырғазы Қуандықов, Райхан Қалиолдина, Айнур Ильясова, Дана Тұрарбек, Алия Телебарисова, Ербол Садырбаев, Қуаныш Түрдалин және Қуаныш Керімқұлов сомдайды.

Blog post image

Жас ерекшеліктері, тұрмыстық жағдайлары, қызығушылықтары және  мінез-құлықта да әртүрлі төрт жігіт Қазақстанның түрлі қалаларынан Алматыға келген. Олардың бастарын не біріктіреді десеңізші?

Blog post image

Әсіресе олар отставкадағы генералдың бажалары болса, бір жағынан жақын туыстар саналады. Сондықтан да олар тату-тәтті. «Бажалар» отбасылық комедиясының басты кейіпкерлері болып табылады. Төрт қызды асырап бағып, өмірде табысқа өз күшімен жеткен қайын аталары – қатал әрі қазымыр адам. Ол әрқашан бір ұл сүюді армандады. Сондықтан ол бажаларына қызғанышпен қарайды. Дегенмен оны түсінуге болады. Өйткені оның бірінші күйеубаласы жұмыссыз әрі әйелінің айтқанынан бір елі шықпайды. Ал  екіншісі ажырасқан, үшіншісі қарапайым жол сақшысы болса, ал төртіншісі күйеу баласы – студент.

Blog post image

Өмірде орын алатын сәтсіздіктер мен түрлі туындайтын мәселелер  генералдың үйінде жиі басқосуларына алып келеді. Төртеуі де тығыз байланыста болады. Бірге қыдырады, бірге моншада, сыраханада кездесіп, әлеуметтік жағдайларды, отбасындағы мәселелерді талқылайды. Түрлі мәселелерді бір-біріне шешуге көмектеседі.

Blog post image

«Бажалар» телехикаясының әрбір сериясында «бірлік болмай тірлік болмасты» дәлелдейді. Алайда қайын атасы төрт бірдей күйеу баласына ашулы еді. Оларды қыздар мен немерелері үшін ғана төзуге мәжбүр болатын. Қайын атаның ашу ызысын келтіретін жайт – күйеу балаларының өз үйінде тұрып жатуы. Ішінен қыздарының  жеке-жеке қоныс аударуына қарсы еді. Отбасындағы күрделі мәселелер, туысқандардың ойластырған шытырман оқиғалары, әйелдердің қулығы, ер адамдардың ынтамақтастығы сынды жағдайлар жаңа отбасылық телехикаяға арқау болып отыр.

«B.A.S production» студиясының шығармашылық тобы түсірген


24 желтоқсан, 21.30-да «Бажалар» «Хабар» телеарнасында

1
1810
0