Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
03:36, 08 мая 2010

Танысу

Ассалаумағалейкум құрметті оқырман, тарихын танып білгісі келетін пайдаланушылар! Көлемі жағынан шағын болса да, туған жер мен ел тарихынан мағлұматтармен танысқысы келетін қауымды танымдық ашық сұхбатқа шақырамын. Қазақ халқының ұлы батыры Қаракерей Қабанбайдың шежіресі жайлы қауымға бейтаныс тарихи ақпараттар, жеке зерттеулерімнің нәтижесінде туындаған ойлар, пікір-лебіздерім бар еді. Сол айтылғандарды келешекте осы блог арқылы сіздерге жеткізсем деймін. Мәшқұр Жүсіп Көпей әулие «қазақта Қаракерей Қабанбайдай батыр болған емес» дегені, Бұхар жырау әулиенің бар батырдын басына Қаракерей Қабанбайды қоятыны, Құрбанғали Қалидидің Қабанбай батырды озгелерден оқ бойы озық коретіні сіздерге аян. Осы ісімізге сіздер де улес қосады деп сенемін, себебі дала ортақ, ел ортақ, жер ортақ, бар бабаларымыз ортақ.

Өзім, Қамал Әбдірахман, Жетісу мен Шығыстың арасы, бугінгі Алакөл ауданының төлімін. Сол жердегі Жыланды ауылында дүниеге келдім. Кейін әкем жұмыс бабымен Екпінді ауылына қоныстанды. Осы аудандағы алғашкы жалғыз қазақша орта мектебінде білім алдым. Біздің мектебіміздің қабырғасынан жазушы Әнуәр Алімжәнов, сонымен қатар, оншақты доктор, қырыққа жуық ғылым кандидаттары шыққан. Мектеп бітіргеннен кейін екі жылдай қой бақтық, трактор айдадық. Ол кезде КАЗГУдың журналистика факультетіне түсу үшін екі жылдык еңбек өтелі кажет еді, онсыз қабылдамайды. Оқу барысында Т. Қожакеев, Т. Амандосов, Т. Кәкішев, М.Ғабдуллин ақсақалдарымыздын лекциясын тындадық, Сәбит Мұқановтың өткізген кеңесінде болдық,  Ғабит Мүсреповті көзіміз көрді... Міне осынын бәрі бақыт шығар, біз сол кісілерден біраз нәрсе үйрендік. Одан кейін ұзак жылдар бойы облыста қызмет атқардым, Талдықорған облыстык «Октябрь туы»  газетінде қызмет істедім. Кейін Алматыда Жоғары партия мектебін бітірдім.  Талдықорған облысының «Қазақ тілі» қоғамы құрылған кезде, сол қоғамның төрағасының орынбасары болдым, Мәдениет және  тіл басқармаларын баскардым. 2007 жылы Қаракерей Қабанбай батырдың Ақмолада  кесенесі ашылған сон, азаматтар осы киелі орынға бас-көз болуымды отінді, міне бұған да он жыл болыпты. Бұл кезге дейін Қаракерей Қабанбай туралы бірнеше мақалаларым жарық көріп, бабамызға арналған пьеса сахнада койылып және кітаптарым шыққан еді. 2001 жылы «Хан батыр Қабанбай», 2006 жылы «Қаракерей Қабанбай», 2007 жылы «Төлегетай ата» туралы, биыл «Өкіреш Шал» атты кітаптарым жарық көрді. Бүгінгі танда үзбей зерттеушілік жұмыстарын жургізіп жатырмын, алда қойған жоспарларым әлі де баршылық. Шама - шарқымыз жеткенше сіз болып, біз болып бабаларымыздың аруағын көтере берейік.

1
783
4