Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:06, 17 декабря 2014

Семей қаласында қоғамдық көліктер қатаң тексерілді

Blog post image

Қоғамдық көліктің қызметін күнделікті пайдаланып жатамыз. Қарапайым халықтың көпшілігінің тіршілігі тіпті осы автобустармен тікелей байланысты. Өйткені онсыз шаруамыз бітпейді. Жасырары жоқ, сол қоғамдық көліктердің сапасы сын көтермей жатады. Тазалық пен тәртіп, мәдениет, шамадан тыс жолаушылар отырғызу, бірімен-бірі жарысу сияқты сындардан көз ашпайды.

Өткен аптада осындай олқылықтың бірін қалпына келтіру мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы қоғамдық көліктерді, оның ішінде шағын «Газель» автокөліктеріне тексеріс жүргізді. Кезекті шараны семейлік полицейлер, жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы мен Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Тексеріс кезінде анықталғаны – жүргізушілердің бірінің құжаты қате болса, көбі кешкі қарбалас сәтте көліктерін шамадан тыс жолаушыларға толтырып алғаны белгілі болды. Әрине, бұл таң қаларлық жайт емес. Өйткені жолаушылар ондай жағдайды күнделікті көріп еттері үйреніп қалған. Бұл жерде бір жағынан тасымалдаушы жолушыны далада қалдырмау керек сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның салдары жол апатына соқтырып соңы қайғылы жағдайға ұшыратуы ықтимал екенін ешкімде ескере бермейді.
- Аталған шара 11-15 желтоқсан аралығында өткізіліп, бірлескен жоспар негізінде жүзеге асырылды. Ондағы мақсат шамадан тыс жолаушылар тасымалдаған шағын қоғамдық көліктерді анықтау. Сонымен қатар рұқсат құжаттарын тексеру. Аталған құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, - дейді Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Мұрат Шәкәрімов.
Тексеру шараларының алғашқы екінші күні-ақ шамадан тыс жолаушылар тасымалдаған оннан астам құқық бұзушылық анықталып, 100 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
- Газель автокөліктерінде нормаға сай белгілі мөлшерде орындар белгіленген. Шағымдарда әсіресе осы шағын көліктерге түсіп отыр. Аталған жұмыстар нәтижесінде келісімшартқа отырған тасымалдаушыларға көлік иелерін әкімшілік жазаға тарту туралы ұсыныс жібереміз, - дейді М.Шәкәрімов.
Бүгінде қала аумағында шағын автобустарды құрайтын 15 бағыт бар. Орта есеппен алатын болсақ бұларда мөлшері 100-ден астам көлік қатынайды. Алайда олардың қатарында Қытайдан шығарылған шағын автобустары кіреді. Семей қаласының жолаушылар тасымалдауды басқару орталығының инженері Асқар Зиядановтың айтуынша, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек. Сондай-ақ қызмет сапасын жақсарту мақсатында шағын қоғамдық көліктерді алмастыру жөнінде ұсыныс жасалмақ.

- Жолаушыларды шамадан артық тасымалдау шыныменде жол қауіпсіздігіне көп әсер етеді. Егер қандайда бір жол апаты болса, бірінші кезекте жолаушылар зардап шегеді. Сондықтан мұндай шаралар ұдайы өткізіліп тұруы керек. Жұмысқа шығар алдында жүргізушілерге жол ережелерін сақтау керектігі айтылып, ақпарат беріледі. Алайда өздеріңіз көріп тұрғандай жолаушыларды шамадан артық тиеу оқиғалары кездесіп отыр. Бұл жерде жолаушыларда көлік толы қоғамдық көліктерге отырмауға тырысу керек. Осыған орай қала тұрғындарына қоғамдық көліктерде тәртіпті сақтауларын сұраймыз, - дейді Семей қаласының жолаушылар тасымалдауды басқару орталығының инженері Асқар Зияданов.

Асқар МЫҢБАЕВ

http://arnapress.kz/

0
643
0