Тағы бір өлең

Dinmukhamed Ziyadin 2010 M05 6
1253
0
0
0

avaamның "СУЖ" атты жазбасынан кейін осы бір өлеңді қайта жариялағым бек келіп кетті...   Жайдым қағаз, алдым қалам хат жазбаққа өзіңе. Бұл бір әлде бұйығы мұң буындырған кезім бе? Қағып-қағып қалың...

avaamның "СУЖ" атты жазбасынан кейін осы бір өлеңді қайта жариялағым бек келіп кетті...

 

Жайдым қағаз, алдым қалам хат жазбаққа өзіңе.

Бұл бір әлде бұйығы мұң буындырған кезім бе?

Қағып-қағып қалың ойдан киелі сөз таппаса,

Құр жылаған, құр булыққан бұл сезімім сезім бе!?

 

Сыр мінез, сыйлы, сыралғы жолдас, жалғызым,

Сағынамын сені күн батар кештен таңға ұзын.

Алақан жүрек алаулап сүйген, ардақтым,

Берем бе сені балаған мыңға хан қызын!?

 

Аялы, аппақ алақаның...

Сағындым да  тот бастым...

Сен бар жерде  бұл жалғанда, мен де бекер жатпаспын.

Құлдыраң қаққан жұмыр жерді шырқ айналып шықсам да,

Сенен артық, сірә, біреу таппаспын-ау,таппаспын...

 

Жүректі кеп сыздатады сылдыр сезім,жасық мұң,

Сен бар жерге, сырым менің, алып-ұшып, асықтым.

Кейде тұман, кейде мұнар, кейде шуақ мінезің,

Сол мінезге, өзім бірақ, есім кете ғашықпын...

 

Көңілдің кірін жасымен көздің жусақ та,

Балапан сезім балалап тұрған бұл шақта,

Бұғаулы жүрек бұлқынып туған бұл шақта,

Арманымды-әлди құшақта, жаным, құшақта…

 

Сөз айттым саған, салмақтап құйған сымбаттым,

Құдайдан кейін құлай да сүйген қымбаттым,

Қиылған қасың, қарақат көзің ұғар ма,

Мен емес, менің жүрегім жазған бұл хатты…

 

16.10.2008

Оцените пост

0
Дальше