Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
3
11:18, 02 декабря 2014

Таиланд. Мың рет естігенше бір рет көзбен көрген жөн.

Тайланд – әрдайым жүзінде күлкі үйірілген халқы бар, түрлі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай, еш уақытта киіміңізге қарап сын айтпайтын, затыңызды қалдырып кетсеңіз де ұрламайтын, қолынан келген көмегін аямайтын мемлекет. Ия, рас айтамын. Мемлекет халқы өте қонақжай, момын. Табиғатының байлығы өз алдына мәдени ескерткіштері ерекше тамсандырады.
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image

Жақын күндердің бірінде Тайландтың Пхукет аралына жолымыз түсіп, сол аймақтың тұрмыс-тіршілігімен танысу мүмкіндігіне ие болдық. Қандай әсер алғанымызды суреттер арқылы жеткізейін.

Blog post image

 

Blog post image
Blog post image

Пхукет – Ресей, Қытай, Түркия, Қазақстан сынды мемлекеттерден келетін қонақтардың сүйікті мекеніне айналған, Тайландтың оңтүстік-батысында орналасқан елді мекен әрі арал. Мұнымен қатар Пхукет аралы - Тайландтың басты курорттарының бірі. Мұнда көркем жағажайлар, су асты жүзу, түрлі жануарлар шоуы, ғибадатханалар, спа салондар, арзан және 5 жұлдызды қонақ үйлер  бар. 350 000 ғана тұрғыны бар өлке маусым кезінде миллионға жуық адамды қарсы алады екен.

Жұмақпен пара-пар Пи-пи, Джеймс Бонд, Симилан, Рача мен Тачай сынды жанға жайлылық сыйлап, демалып алуға мүмкіндік беретін тропикалық аралдары бар.
Сүрет ғаламтордан алынды
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image

Пхукет аралының әуежайынан шыққан соң өзіңізді тұншығып бара жатқандай сезінесіз. Құдды моншаның ішінде тұрғандай. Күн ыстық, ауа өте ылғалды. Экваторге жақын орналасқан елдердің мини белдемше мен қысқа балақ шалбарға не себепті құмар екенін енді ғана түсіндім. Ал мына тақуалардың оранып алғанына қайранмын.
сүрет ғаламтордан алынды

Ал мынау әрбір тайландық тұрғынға тиесілі үй. Өте қарапайым жасалған. Есік, терезе сынды ұғымдар жоқ.  Табиғат апаты болмаса, өзге біреуден сескенуді де білмейді.
сүрет ғаламтордан алынды

Тайландтың біз барған Пхукет аралында қоғамдық көліктер жоқ. Ал мынандай отбасылық мотоциклдерді көптеп кездестіруге болады.
Blog post image
Blog post image
Blog post image

Ішінде ең тиімдісі Pegas автобустары ма деген ойға келдік. Өйткені саяхатшыларды тасымалдайтын бұл автобустар толығымен кондиционерлермен жабдықталған, жол ережесін  қатаң сақтайды, әрі жылдамдықты 70-тен асырмайды. Қысқасы өміріңіз үшін еш алаңдамайсыз.

Бұл аймақта мәдени ошақтар өте көп деп айту қиын. Десе де бірінің өзінде үлкен тарих жатыр. Біз барған Ват Чалонг ғибадатханасы 4 қабаттан тұрады екен. Оның төртінші қабатында Будданың күлі сақталған.
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image

Сәнге сын айтып, баға беретін мен емеспін. Алайда бұл өлкеде әрбір адам өзінше сәнгер. Не кисеңіз де өз еркіңіз. Бастысы – ыңғайлылық.

Біз жеп жүрген KFC "жәй" екен ғой. Небары 20 батқа нағыз тіл үйіретін тауық етін жеп көруге болады.  Әрине, теңіз тағамдары ет жемесе тұра алмайтын қазакемнің асқазанына майдай жаға қоймас. Десе де эксперимент жасап көруге болады екен. Түрлі жеміс-жидектерді айтпай кету мүмкін емес. Естімеген елде көп демекші, бұрын-соңды жеп көрмеген түрлерін де кездестіре аласыз.
Blog post image
Blog post image
Blog post image

Ал мынау Ұлы Будда ғибадатханасында ілініп тұрған қоңыраулар. Олардың әрқайсысында есімдер мен тілектер жазылған.
Blog post image
Сүрет авторы Алимжан Бисембаев
Blog post image

Осыған дейін "Монах, который продал свой феррари" кітабын сүйсініп оқып, шын мәнінде тақуалар қандай болады екен деп көп ойланған едім. Қиялымдағы тақуаларға сай келді.  
Ұлы Будда ескерткіші. Аталған ескерткіш қайырымдылық қорына жиналған ақшаға салынуда. Мұнымен қатар осы туралы түрлі аңыздар бар. Жергілікті тұрғындар Будда Үнді мұхитына қатты ренжігендіктен теріс қарап тұр деп те айтады. Бұл осыдан 10 жыл бұрын болған цунамиге байланысты айтылса керек.

Пхукетте адасу мүмкін емес. Себебі Тайланд тілін өзге ұлт өкілдері меңгермесе де, тайландықтар туристердің сұрағына жауап бере алатындай бір ауыз орысша мен ағылшынды үйреніп алған.
Blog post image

Қысқасы бұл арал көңілімнен шықты. Қайта айналып барғым келетін жерлердің бірі десем, қате айтпаспын.

Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image

Бірақ барар жолда міндетті түрде «Сәлем» және «ашты жасаудың қажеті» жоқ деген сөздердің ағылшынша немесе тайша нұсқасын жаттап алыңыз. Әйтпесе жағдайыңыз қиын болмақ ;)

3
3528
4