Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
3
06:01, 30 ноября 2014

ӨМІР «СЕЛФИ»-мен ШЕКТЕЛМЕЙДІ

Бір сәтке айналадағы адамдарға көз жүгіртейік... қоғам не боп барады? Технология дамығаны дұрыс-ау. Дегенмен жас және орта буын ұялы телефонға толықтай тәуелді болып бара жатқанын көріп, көкейде болашаққа деген уайым орнығуда. Көз жанарын тауыстып, қайта оралмас уақытын сарп етуден тайынбайтын жастарымызды түсіну қиын.

Қолданыс жағынан рейтингі жоғары: «ВКонтакте», «Whats app», «Instagram», «Facebook», «Twitter», т. б. әлеуметтік желілер мен байланыс бағдарламалары бүгінгі қоғамға ауадан да артық қажет болып барады. Негізгі мақсаты жаңадан фотосурет енгізу, ұнамды публикацияларға пікір жазу(комментарий), хат алмасу, ақысыз байланысты пайдалану. Әрине бұл ыңғайлы құрал. Бос уақытта пайдалану үшін қызықты, алыстағы жақындарыңмен хабарласу жағынан да керек зат, әрі адамдардың бір бірімен тығыз араласуына септігін тигізеді. Бәстесу қиын пайдасы көп, бірақ зияны да аз емес. Бұқара күндіз түні сымтетік пен компьютерді(ноутбук)  пайдалану арқылы өз уақытына ғана қиянат жасамай, денсаулығына да кері әсерін тигізіп жатқанынан хабардар ма?

Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды «канцерогенді» деп сипаттайды. Адам телефон қолданғанда миы өзгеше жұмыс істейді деген фактімен ғалымдардың зерттеулерінен таныс болдық. Сондай-ақ бас аймағындағы ісіктерге шалдыққандардың саны өскенін, дәрігерлер ұялы сымтетікпен байланыстырып отыр. Әлем ғалымдарының зерттеуі әлі күнге дейін жалғасуда. Әзірше телефонға нақты «айып» тағылған жоқ. «Денсаулық – зор байлық» демекші, біреу келіп саусағымен нұсқап көрсеткенін тосқанша, өз денсаулықтарыңызды күткен дұрысрақ. Себебі ертең кеш болуы мүмкін.

Ұялы сымтетіксіз өмір сүру мүмкін емес. Тіпті бір күн үйде қалып қойса күнімен жүйкесі тозып, қолы қалтаға жүгіріп іздейтін әдетке де жеттік. Тым болмаса зардап шекпеу үшін кішігірім кеңесті құлаққа түріңіз:

-қоңыраурды тек құлаққаппен қабылдаңыз, барынша аз сөйлесуге тырысыңыз;

-электромагнитті толқын тасушы құралды жастық астына, бел айналасында, қалтада алып жүрмеңіз;

-телефон құшақтап ұйықтамаңыз;

-қоңырау соғудан гөрі хабарлама жазуға әдеттеніңіз, барынша миыңыздан, құлағыңыздан аулақ ұстаңыз;

-қиын болса да, күштеп болса да өзіңізді  ұялы сымтетіктен арылтуға тырысыңыз.

Болашақ адамдардан тұрады. Дендері сау, естері дұрыс, эстетикаға құмар, еңбекке бейім жандардан құралады. Келер ұрпақтың амандығы қазіргі қоғам қолында. Зиянын біліп тұрып, өзіне тосқауыл қоя алмайтын тәуелді адамдар саны көп. Дегенмен бұл заттың орнын басар құралдар мен әдістер көптігін жадта тұту ләзым. Мысалы, электронды кітапты, газетті оқып отыруды – баспадан шыққан қолмен ұстап, парақтап отыратын газет пен кітапқа айырбастау. Қоңырау соғып, әуре етіп, өзіңе де өзгеге де зиян тигізгенше – жолға аттанып, шынайы кездесу. Арнайы адамдарды сауатсыздандыру үшін шығарылып жатқан ойындарды ойнау орнына – есік алдына шығып достарыңмен доп тебу, серуендеу. Кундіз-түні хабарлама «атысып» отқанша –таза парақ алып қалам тербеп, сағындырып, анда-санда хат жазғаның әдемірек. Міне романтика, нәзік сезімдер қайда жатыр... Көрінгенмен суретке түсіп, селфи жасап жеке парақшаға жариялап, «лайк» жинаумен әуре болғанша – фотоальбомға клеймен жабыстырып немесе дуалға көркем етіп іліп қойған абзалырақ.

Адам - жақындары, дос-жарандары, туған-туыстарымен телефонмен хабар алмасуы арқылы тек өзіне ғана емес, сол танысына да  қауіп тигізетінін есте сақтасын. Қолмен ұстап, йісін сезбейтін «ғалам» ешқашан кереметтей, ғажабы мен қуанышы мол әлемге «тор» бола алмайды. Ендеше, бәріміз бірге атсалысайық.

Мәдина ӘБДІҚАДІР

журналист

     
3
433
0