Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:53, 21 ноября 2014

Қазақстандық делегацияның Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары туралы пресс-релиз

2014 жылғы 17 және 20 қараша аралығында Вашингтонда ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов бастап келген қазақстандық делегацияның жұмыс сапары болып өтті.

Аталған сапар дін және діни сенім бостандығы саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріндегі Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты күшейтумен қатар, Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезін өткізуіне дайындық жұмыстарының маңызды бөлігіне айналды.

Қазақстанның Құрама Штаттардағы елшілігінің ұйымдастыруымен қазақстандық делегация АҚШ Конгресінде, Мемлекеттік департаментінде, АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясында бірқатар дәйекті кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында американдық тарап адамның діни сенім бостандығына қатынастағы құқығын қорғау саласында Қазақстанмен қабылданып отырған шаралар жөнінде, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың діни конфессиялар арасындағы жаһандық сұхбатты алға жылжытуды мақсат тұтатын соңғы бастамалары туралы мейлінше кең және жан-жақты ақпарат алды. Тараптар кездесулер барысында, сонымен қатар, дінді экстремистік және террористік мақсаттарда пайдаланумен байланысты әлемде орын алып отырған ахуалдар және қоғамдық қауіпсіздік пен адам құқығы саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары туралы пікірлермен алмасты.

Талқылаудың тағы бір тақырыбы 2015 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің V Съезіне арналды. Тараптармен қазіргі әлемдегі дағдарыстық құбылыстар аясында осы Съездің ерекше рөлі мен маңыздылығы аталып өтті. Әңгімелесу барысында аталған Съездің дін мен мәдениетаралық түсініспеушіліктің алдын–алу мақсатын ұстанып отырған Қазақстанның шынайы ниетінің жарқын мысалы болып табылатындығы айтылды. Осындай диалог жаһандық және аумақтық сипаттағы маңызды мәселелерді шешудегі  мүмкіндіктерді кеңейтетіндігі аталып өтті.

Кездесуде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар тарапынан азаматтық тыныштық пен келісімді қамтамасыз етудегі Қазақстанда қалыптасып отырған модельге оң баға берілгендігі атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Елшілігімен сарапшылардың, діни қайраткерлер мен АҚШ құқық қорғау ұйымдарының қатысуымен өткізілген дөңгелек үстел сапар шеңберіндегі ең маңызды іс-шараға айналды.

Американдықтар мемлекет пен түрлі конфессиялар арасындағы дәйекті қарым-қатынастарды қамтамасыз етудегі Қазақстан тәжірибесіне белсенді түрде қызығушылық танытты.

Сапар шеңберіндегі өзекті іс-шаралардың біріне АҚШ-тың беделді діни лидерлерінің, сондай-ақ АҚШ Президенті Әкімшілігінің жоғарғы мәртебелі өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен өткізілген жыл сайынғы кешкі ас мәзірін айтуға болады.

0
137
0