Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
01:48, 15 ноября 2014

ПРЕСС –РЕЛИЗ

ПРЕСС –РЕЛИЗ

2014 жылғы 14-қарашада Астана қаласындағы «Жұмбақтас» қонақ үйінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасымен бірлесе отырып бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған БАҚ-та дін тақырыбын жариялау бойынша Әдістемелік Кеңестің «Экстремизм мен терроризм тақырыбын БАҚ-та жариялау» тақырыбына арналған кезекті отырысын өткізді.

Семинар жұмысына құрамында отандық танымал ғалым-дінтанушылар, діни бірлестіктер, сарапшы қауым, үкіметтік емес ұйым өкілдері кіретін Әдістемелік Кеңес мүшелері, сондай-ақ  қазақстандық БАҚ журналистері белсенді қатысты. .

Іс-шара барысында ғалым-дінтанушылар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері, баспасөз құралдарында, телевизиялық БАҚ-тарда және интернет-ресурстарында экстремизм, терроризм және діни радикализмге қарсы тұру тақырыбында жарияланған материалдар бойынша өз пікірлерімен алмасты.

 
0
160
0