Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
04:22, 12 ноября 2014

АБК, ҰСТАЗДАР АЛТЫНЫ, АСТАНА САПАРЫ.... (ҰСТАЗДАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ)

Өткен айда елімізде «Қазақстан Блогерлер Альянсы» — «Альянс Блогеров Казахстана» құрылды. Аталмыш ұйым қазіргі Интернет дамыған уақыттағы жаңа толқын қолданушылар — блогерлердің қоғамдық ұйымы ретінде құрылып отыр. Қызметтерінің негізгі бағыты ақпараттық, қоғамдық, әлеуметтік тақырыптарды қамтиды. Блогер дегеніміз — кәсіби журналистік дипломы болмаса да, жеке блог, сайт арқылы қолданушыларына материал, жазба, сурет, видео ақпараттар жазып, қоғамдағы мәселелерге өзінің азаматтық ұстанымын, пікірін білдіруші адам.

Ұстаздарға, оқушыларға және оқушылардың ата-аналарына қызмет етуші  Республикалық басылым 45minut.kz болғандықтан, осындай елеулі оқиғадан тысқары қалмадық. Қоғам жаңалықтарында әуелгі кезекте, басылымның оқырмандарына пайдасы қандай, қызмет сапасын арттыруда қаншалықты оң үлесін тигізеді деген көзқараспен қарайтынымыз белгілі. Себебі, басылымды басылым жасап отырған оқырмандар, және солар үшін қызмет ету міндетіміз.

Қысқаша жазатын болсам, «Қазақстан Блогерлер Альянсы» — «Альянс Блогеров Казахстана» ұйымымен бірлесе қызмет атқару болашақта оқырмандарымыз үшін оң нәтиже береді деп есептеймін. Болашақ жоспарымызда, 45minut.kz оқырмандары үшін құқықтық ақпарат орталығын құрып сол арқылы білім саласындағы түрлі сұрақтарға тиісінше көмек көрсету. Сол үшін арнайы сұрақ қою, өтініш беру формалары 45minut.kz сайтында орналастырылады және келіп түскен хаттар негізінде құқықтық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, Интернетті ұстаздар кәсіби қызметінде пайдалануына көмектесу үшін оқу курстары, ғылыми практикалық семинарлар ұйымдастырылады.

Осы жазылғандардың барлығы болашақ еншісіндегі жоспар болғандықтан осы бағытта атқарылған нақты жұмыстар туралы оқырмандарымызға ақпарат ұсынамын.abkkz

«Қазақстан Блогерлер Альянсы» — «Альянс Блогеров Казахстана» ұйымдастырушысы Ғалым Байтук мырзамен хабарласып, пікір алмастық. Нәтижеде қоғамдық ұйымға мүше болып, ұстаздар үшін бірлесе қызмет атқарамыз деп келісілді.

«Қазақстан Блогерлер Альянсы» қызметтерінің бірі блогерлер үшін ақпараттық тур (информационный тур) ұйымдастыру. Ақпараттық турда әрбір блогер өзінің оқырмандарына мекемелер, кәсіпорындар, түрлі қызметтер туралы ақпараттармен таныс болып, оқырмандарына өзіндік көзқарасымен тың деректер ұсынуына мүмкіндік жасалады.

45minut.kz оқырмандары атынан Астана қаласында 03.11.2014 жылы «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған ақпараттық турға шақырылдым. Ақпараттық турға Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Өскеменнен 30 блоггер жиналды.

Ақпараттық тур туралы «АСТАНА – ЖАҢА ҚАЛА» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫ материалынан таныс бола аласыздар. Материалды Хабар телеарнасы әзірлеген және «Жеті күн» апталық бағдарламасының ақпараттық тур туралы видеосы ұсынылып отыр.

izgilik2«Астана жаңа қала» ақпараттық турда Интернетте көпшілік талқылаған жағымды бір жаңалық орын алды. Ол туралы ӘРБІР ҰСТАЗҒА АЛТЫН БҰЙЫРСЫН тақырыбында материал да жарияланды. Көпшілік оқырмандарымыздан құттықтау, жақсы көңілмен достық әзілдер, «Ағай, шын алтын алдыңыз ба, алтынды бізге қашан бөліп бересіз»,  т.б сұрақтар да келіп жатты.

Бұл жағдайлардан түсінгенім, 45minut.kz сайт оқырмандары Астана сапары және «Қазақстан Блогерлер Альянсы» туралы жақсы пікірде болып, болашақта ұстаздар үшін қызмет ететін қоғамдық ұйым жұмысына бірлесе қолдау көрсететінін білдірді.

Білім саласында қызмет атқарушы ұстаздарды, бір жағынан білім беруші ұстаз болса, бір жағынан еліміздегі барлық қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшелері, отбасылық экономикалық жағдайларда отбасы бюджетін жұмсауда шешуші роль атқаратын отбасының алтын қазығы деп білемін.

Сондықтан 45minut.kz сайт оқырмандары ұстаздар үшін жаңалықтар мен тиімді жарнама ақпараты маңызды. Ел игілігі үшін қызмет атқарушы әрбір ұстаздың еңбегі де алтынмен бағалануға өте лайықты.

Ұстаздар ел үшін қызмет етеді, Біз Ұстаздар үшін қызмет етеміз!

Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы
Редактор: Нағиев Ізгілік Байдрахманұлы

 
0
1215
0