300 кг жайын балығы Атырау облысының тұрғынынан тәркіленді

МСХ РК МСХ РК 2014 M11 10
1141
0
3
0

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері балық қорғау шараларын жүргізу барысында Шароновка өзенінде Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылының...

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері балық қорғау шараларын жүргізу барысында Шароновка өзенінде Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылының тұрғынының басқаруымен «Вихрь-30» моторы орнатылған «Обь» қайығы тоқтатылды.

Тексеріс барысында 300 кг  жайын балығы, қолдануға тыйым салынған 2 аулау құралы мен 60 метрді құрайтын ау тәркіленді.

Жинақталған материал құқық қорғау органдарына жіберілді.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172)55-57-65

E: minagripress@gmail.com

W: www.minagri.gov.kz

   

Оцените пост

3