Ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыру

МСХ РК МСХ РК 2014 M11 6
1055
0
1
0

ҚР АШМ 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды. Конкурс келесі басым бағыттары бойынша өткізіледі: 1. Табиғи...

ҚР АШМ 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурс келесі басым бағыттары бойынша өткізіледі:

1. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу

2. Өмір туралы ғылым

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу үшін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қалыптастырылған қажетті құжаттар конвертпен (жолдаушының мекен-жайы, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә, конкурстың, ғылымды дамытудың басымдығы мен ғылыми зерттеулердің бағытының атауы көрсетіледі), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініне Астана қаласы 010000, Кенесары көшесі 36, қабылдау туралы хабарламамен пошта арқылы ұсынылады.

Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарастырылады.

Конкурстық құжаттама және өтінім даярлау мәселелері бойынша  түсініктемені мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7172) 55-57-91; 55-59-73; 55-59-35 (АӨК-ні ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті Ғылым және инновациялық саясат басқармасының басшысы А.Б.Сейсеқұлова).

Конкурстық құжаттаманы осы жерде жүктей аласыз  http://mgov.kz/kz/obyavlenie-o-konkurse-na-programmno-tselevoe-finansirovanie-nauchnyh-issledovanij/

 

Оцените пост

1