Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
04:18, 27 октября 2014

Turkvizyon 2014 Екінші Халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеу финалы қалай өтті?

Қазанның 26-да, Бейбітшілік және Келісім сарайында Turkvizyon-2014 халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеу финалының қортындысы белгілі болды.

turkvizyion.kz:

Бұл көптеген мемлекеттер үшін «Евровидение» байқауын алмастыра алатын халықаралық деңгейдегі жаңа ән байқауы. Әлемдік музыкалық өндірісте үлкен құбылыс болғалы тұрған байқау түркі музыкасының өкілдерін бір сахнада тоғыстыруды мақсат тұтады. Байқаудың аудиториясы үлкен – 300 миллион көрермен.

2013 жылы ел намысын қорғауға Ringo тобы аттанған еді. Биыл Қазақстанның атынан белгілі әнші Жанар Дұғалова қатысады. Гранд-финал қараша айында Татарстан Республикасының Қазан қаласында өтеді.

Blog post image

Байқаудың шарты бойынша Turkvizyon-2014 финалына жолдама алған конкурсанттар жаңа және бұрын-соңды орындалмаған түркітілді әндерді орындау тиіс. Сөйтіп, кешегі көрермен қатарынан 16 әннің тұсау кесерінің күәгерлері болды.

Blog post image

Кештің жүргізушілері: Аида мен Нұрсұлтан

Blog post image

Залдан: "Нұрсұлтан, сен нағыз еркексің!!!".

Шынымен, кештің салтанатты өтуіне ықпалын тигізген "Хабар" арнасының жас тележүргізушісі-журналист - Нұрсұлтан Құрман. Оның арқасында шара жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік кешті Нұрболат Абдуллин "Сары ала қаз" әнімен ашты.

Blog post image

Мархаба Сәбиева - "Қай заман".

Blog post image

Мархаба мен үшін үлкен жаңалық болды. Сөйтсе, "Қазақстан дауысы" жобасынан белгілі жас әнші осы жылы "Славянский базар" атты халықаралық музыкалық байқауда жүлделі 3-орынға ие болған екен. Әнші өзі ән жазады екен.

"Қай заман" әнінің орындалуы барысында Мархаба Сәбиева дауысының ұтымды мүмкіндіктерін толықтай көрсете алды. Фольцетпен жасалған милизмдары көрерменнің көңілінен шықты. Әділқазы мүшелері жоғарғы 50 ұпай қойды.

Қазылар алқасы құрамы: Болат Мажағұлов, Арман Дүйсенов, Ренат Гайсин, Айнұр Тұрсынбаева және Алтынай Жорабаева.

Blog post image

Олар "Жігіт сұлтаны" атағының бейресми иелері. Олар оюсыз киім кимейді. Олар ұрансыз ән айтпайды. Олар: Ұшқын, Мақсат, Әзім Алашұлдары.

"Алашұлы" "Адамзатқа не керек" (әні: Ұшқын Жамалбек, сөзі: Қалқаман Сарин) әнін орындады. Pu33le Cr3w бишілерімен тамаша қойылым ұсынды. Көпшіліктің ортақ пікірі бойынша бірінші орынға осы топтың азаматтары лайық еді. Жігіттер бұл байқауға екінші рет қатысып отыр. Қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Blog post image

VoiceKZ немесе "қазақ даласының дауыстары" Ардақ Балажанованың "Бабалар сөзі" әнін орындады.

Blog post image

"Азия" тобының әншісі Ербол Шарипов "Ең сұлу сен" атты ән орындады.

Blog post image

Pu33le Cr3w мүшелері Мадина Нарбаеваның жаңа үлгідегі киімдерінде биге шықты.

Blog post image

Ақбикеш - "Мереке әрбір күн"

Blog post image

Абдулкарим Каримов - "Анашым"

Blog post image

"V-Alem" тобы "Қазағым-ай" әнімен сегізінші нөмірде бақ сынады. Әні: Алмас Кішкенбаев, сөзі: Төреғали Төреәлі.

 

Санда - "Өмір-бақыт". Әні: Ренат Гайсин, сөзі: Әбдірахман Асылбек.

Blog post image

Жанар Дұғалова - "Ізін көрем". Сөзін жазғандар: Ренат Заиытов, Жанар Дұғалова.

Blog post image

Жанардың дауысы кең. Орындалуы да әсерлі болды. Тіпті, Жанардың өзі көзіне жас жинады.

Blog post image

Дастан Оразбеков өзі жазған "Қазақпын мен" атты әнді "Тt" тобымен бірге орындады.

Blog post image

"Алшы" тобы - "Домбыра"

Blog post image

Серік Ибрагимов - "Жаяу".

Blog post image

Серік те бұл байқауға екінші рет қатысып отыр. 2013 жылы орындалған "Вокзалда қауышқан қыз" әні алты айдан астам басты хит-парадтарда алдыңғы орындарға ие болды. Биыл да Серіктің жаңа әнін көрермендер ыстық ықыласпен қарсы алды.

Нұржан Керменбаев былтыр "Қаланың сұлулары" деп дауыс беру қортындысы бойынша екінші орын алып еді, әттеген-ай, биыл да "Қазақтың баласын" орындап тағы да екінші орынға ие болды.

Blog post image

Дияс Аблаев - "Жыраққа". Әні мен сөзі Ғалымжан Молданазар.

Blog post image

Бейбіт Кушкалиев - "Берілме"

Blog post image

Үзілісте

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Қортынды бөлімнің алдындағы тікелей эфирге дайындық барысында

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Жанар Дұғалова Turkvizyon-2014 байқауында еліміздің намысын қорғайтын болды. Ол бірінші орын алып келемін деп уәде бермеді, дегенмен лайықты өнер көрсетуге бар күшімді саламын деді.

Сонымен жалпы есептің қортындылары мынадай:

Жанар Дұғалова - 30%

Нұржан Керменбаев - 28%

Серік Ибрагимов - 19%

Алашұлы - 18%

Дастан Оразбеков & Тt тобы - 12%

Жанар Қазан қаласынан жүлделі оралады деп сенемін.

Желідегі бірінші құттықтаулар:

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Adam Media Group жасасын!!!

 


1
2408
2