Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
00:32, 22 октября 2014

Ольга Рыпакова өзіне сыйға берілген көлікті спорт кешеніне тарту етті

Ольга Рыпакова

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Азиада ойындары мен Әлем Чемпионатының жүлдегерлерін, олардың бапкерлерін марапаттады.

Жеңіскерлерге әкім грамоталар мен ақшалай сыйлық табыс етті. Салтанатты шара Өскемендегі жеңілатлетикалық кешенде өтті.

Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарды 17-ші Азиада ойындарында ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болған 8 спортшы алды. Марапатталған халықаралық спорт шеберлері: Расул Қалиев, Дастан Ықыбаев, Полина Михайлова, Дмитрий Грязнов, Зере Бектасқызы және Алина Белан болғанын айта кетейік.

Сонымен қатар, спортшылардың бапкерлеріне де ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада және Азия ойындарының жеңіскері Ольга Рыпаковаға «Shkoda Rapid» автокөлігінің кілті табыс етілді. Ол сол жерде өзіне берілген сыйлықты жеңілатлетикалық спорт кешені директоры Денис Рыпаковқа тарту етті.

Облыс әкімі жеңімпаздарды құттықтай отырып, осы уақытқа дейін өлкеде салынған спорт кешендері мен болашақта салынар спорт нысандары туралы айтты. Елбасының тапсырмасы бойынша, халықтың 30 пайызы спортпен шұғылдануы үшін атқарылып жатқан игі жұмыстар елге спортпен шұғылдануға мүмкіндік туғызуы керек.

Оның айтуынша, ШҚО бұл тапсырманы орындауға өте жақын, қазір өлке тұрғындарының 26 пайызы спортпен айналысады.

 
0
2709
0