Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:39, 04 сентября 2014

Әлеуметтік саясат пен мемлекеттік басқару түсініктері

Бұл постта «Қазақстан - 2050» стратегиясының әлеуметтік саясатттындағы және мемлекеттік басқарудағы кейбір түсініктерін талдаймыз.


Әлеуметтік саясатта және мемлекеттік басқаруда кездесетін кейбір түсініктер:

  • «А» корпусы
  • Өңірлердің әлеуметтік теңгерімсіздігі
  • Әкімшілік реформа
  • Әкімдер сайлауы
  • Әлеуметтік қауіпсіздік

«А» корпусы

«А» корпусы – кадрлық резервке тағайындау, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметті атқару мен тоқтату тәртіптері Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан және де арнайы біліктілік талаптары арқылы белгіленген басқару деңгейіндегі әкімшілік мемлекеттік лауазымдар

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңы

«А» басқару корпусы – мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын және саяси шешімдер шығару мен оны тікелей орындау арасындағы байланыстырушы буын болып саналатын мемлекеттік қызметкерлер.

Blog post image

Корпус құрамына министрліктердің жауапты хатшылары, облыстар, Алматы және Астана қаласы әкімдері аппараттарының жетекшілері, комитет төрағалары, аудан әкімдері, Премьер-министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушілері кірген.

Қазақстанда меритократия принциптеріне негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі жасалынуда, яғни кадрларды таңдау мен өсіру барысында еңбегін ескеру, мемлекеттік қызметке алу кезеңіндегі байқаулық тәртіптің тиімділігі, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету сақталынады.

Меритократия – мемлекеттік қызметкердің жеке еңбегіне негізделген жүйе. Меритократия ұстанымына келесі элементтер кіреді:

- мемлекеттік қызметке алыну және жылжу барысындағы міндетті байқаулық таңдау;

- мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік қамсыздандырылуы;

- біркелкі жұмыс үшін теңдей жалақы төлеу;

- өз қызметінде айтарлықтай жетістіктерге жеткен мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау;

- мемлекеттік қызметкерлердің қызметінің нәтижелерін жақсарту мақсатында ұдайы түрдегі білімін көтеру.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2013 ж. мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадрлық резервін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2013 ж. 4–21 маусымы аралығында комиссияның 14 отырысы өтті, онда тестілеуден өткен 1121 талапкердің әрқайсысымен әңгімелесу жүргізілді. Нәтижесі бойынша комиссия «А» корпусының кадрлық резервіне 940 талапкерді қабылдау туралы ұсыныс жасады. Бұл жерде тестілеудің қорытындысы, қалалар мен аудандардың даму рейтингісі, мемлекеттік органның тиімділігі және де құқық қорғау органдарының мәліметтері негізге алынды. Таңдауға қатысуға барлығы 2024 адамнан өтініш қабылданған болатын.

Осылайша, Елбасының «Қазақстан-2050: стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес елде қатаң түрдегі іріктеу негізінде мемлекеттік саясаттың нақты бағытын жүзеге асыруға жауапты кәсібі басқарушылардың айрықша бір жаңа тобы – «А» корпусы қалыптастырылды.

Қазіргі таңда білім беру үлгісін жетілдіру арқылы жаңа көзқарастағы басқарушыларды дайындауға бағытталған оқыту жұмыстары жүргізілуде. Ол тыңдаушыларына «А» корпусының басқарушы бейімділіктерін беруге негізделген: стратегиялық ойлау, ұйымдастырушылық, қарымқатынасқа бейімділік пен жетістікке бағытталғандық. Бұл жоғарғы буын үшін жеке мемлекеттік мекемеде менеджер-экономикалық капиталына қол жеткізу болып саналады.

 

Өңірлердің әлеуметтік теңгерімсіздігі

Өңірлердің әлеуметтік теңгерімсіздігі - өндіріс күштерін дамыту деңгейі, аймақтың табиғи ерекшеліктері, географиялық орналасу, тұрғындардың әдеттері мен салт-дәстүрлері сияқты факторлар себепші болған елдің әр аймақтарындағы тұрғындар өмірінің кірістері мен өмір сүру деңгейлерінің ерекшеліктері.

Қазіргі уақытта Қазақстанда өңірлік саясатты жүзеге асыруға ерекше назар аударылған. 2013 ж. өңірлерге қатысты жалпымемлекеттік саясатты үйлестіруге бағытталған Өңірлік даму министрлігі құрылған.

ҚР өңірлерінің үйлестірілген дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер халықты өнімділігі жоғары ұзақ мерзімді жұмысбастылықпен қамтамасыз етпеу салдарында пайда болатын және әлсіз дамыған (үйлесімсіз) аграрлы аудандардан экономикалық құрылымы дамыған аудандарға бақылаусыз көшіп-қонуды тудыратын аймақтық дамудың әлеуметтік үйлесімсіздігі болып табылады.

Экономикалық өсу орталықтарының (қалалық агломерациялардың) стихиялық қалыптасуы жағдайында елде «жалған урбанизация» форматындағы елді мекендердің пайда болуы тәуекелі бар, бұл әлеуметтік қауыртпалықтың қосымша орталықтарының пайда болуымен қолайсыз.

Өңірлік даму мәселелеріне, сонымен қатар, келесілерді жатқызу қажет:

1)   еңбек ресурстарының төмен және тиімсіз мобильділігін, жұмыссыздық деңгейі әлеуетті жоғары болып келетін аудандарға стихиялық және жағымсыз миграциясын;

2)  арзан әлеуметтік және жалдау тұрғын үйлер нарығының жоқтығы;

3)   ауылдық жерлерде әлеуметтік сала мамандарының жеткіліксіз болуы.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Жолдауында өңірлік саясат келесі бағыттармен орталық орынға ие:

1. Инфрақұрылымды дамыту.
Ұлттық    экономиканың    интеграцияның екі бағытында қозғалуы, яғни жаһандық ортаға және ел ішіндегі қозғалыс. «Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция» ірі бағдарламасының           аясында транспорттық-логистикалық объектілерді, бірлескен кәсіпорындарды құру. Қазақстан арқылы транзиттік тасымал-дарды 2020 жылға қарай екі есе, 2050 жылы 10 есе жоғарылату мақсатында транзиттік әлеуетті пайдалану.

2.  Ауыл шаруашылықтық өңдеу мен саудада фермерлік пен ШОБ дамыту.

Егін шаруашылық мәдениетінің өзгеруі мен мал шаруашылығы дәстүрлерінің жаңғыруы. Экспорттық ірі нарықтарға азық-түліктің массалық өндірісін бағыттау. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасын қабылдау.

3.  Отандық тауар өндірушілерді дамыту және оларды қорғау.

Жергілікті бизнес-бастамаларды көтерме-леу және ең төменгі, бірақ қатаң реттеу арқылы ішкі нарықты дамыту.

Жаңа шындықтарды, соның ішінде БЭК-ке қатысу, ДСҰ-на кірігуді ескере отырып, отандық өндірушілерді қолдау механизмдерін жетілдіру және оларды қорғау мен олардың мүдделерін жылжыту үшін қажетті шаралар-ды қабылдау.

4. Территорияларды дамыту. Өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық шарттарды теңдестірудің жаңа тиімді механизмдері. Өңірлердің салалық мамандануы жүйесін құру, ірі агломерацияларды қалыптастыру. Шекаралас аудандарды дамыту бойынша қосымша шаралардың кешені.

5. Миграция мәселелерін кешенді шешу бойынша шаралар. Отандық білікті мамандардың шетелдік еңбек нарықтарына шамадан тыс ағып кетуін болдырмау мақсатында олар үшін оңтайлы шарттарды құру.

6.   Жергілікті өзін-өзі басқаруды (ЖӨБ) енгізу. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттілікті жіктеу бойынша нақты шаралар, жергілікті атқарушы органдарды күшейту.

Ауылдық әкімдерге қосымша өкілеттікті беру және әкімдердің сайлануы арқылы жергілікті жерлерде қоғамдық бақылауды қатарласып кеңейту.

 

Әкімшілік реформа

Әкімшілік реформа - Мемлекеттік аппаратты ірілендіруге, бюрократтық деңгейін төмендету мен шенеуніктер санын азайтуға бағытталған, сонымен қатар әкімшілік деңгейі бойынша биліктің міндеттемелері мен жауапкершілігін бөлуге қатысты (биліктік вертикалын қалыптастыру) шаралар топтамасы.

Әкімшілік реформа — бір тұжырымдамаға жинақталған атқарушы биліктің түрлі институттарын жаңартуға қатысты ойлап табылған шаралар жиынтығы. Мақсат – заманауи қоғамның қажеттіліктеріне жауап беретін барынша тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастыру.

Мемлекеттік менеджмент – түрлі шараларға емес, нақты нәтижелерге бағыт-талған мемлекеттің басқарулық қызметіне қатысты және кәсіпте өзінің тиімділігін танытқан жаңа басқару технологияларын жинақтайтын заманауи әдістер жүйесі.

Мемлекеттік басқару жүйесін (МБЖ) жаңғырту мәселелері Қазақстанның тәуелсіз-дік алғаннан бергі мерзімдегі маңызды сұрақтарының бірі.

МБЖ реформалау 1992 ж. Президенттің «Экономикалық реформалар жағдайындағы мемлекеттік басқару органдарын ұйымдас-тыру және қызметін жетілдіру туралы» Жарлығының қабылдануымен басталған болатын. Осы Жарлық аясында бұрынғы әкімшілік жүйені бұзу мен биліктің жаңа вертикалін қалыптастыру жүрді.

МБЖ қалыптастырудың екінші кезеңі 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдау және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жариялаумен тұстас келді. Аталынған құжаттар реформалардың табысты болу факторларының бірі ретінде мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру бағытын айқындады. 1997 жылы әкімшілік-территориялық бөлініс реформасы жүргізілді.

Үшінші кезең аясында (2000 жылдан бастап) мемлекеттік қызметтің жүйесі қалыптасты, ол биліктің 3 тармағы қызметін қамтамасыз етуде біркелкі ережелер мен уәждемелерге негізделді. Мемлекеттік қызметкерлердің бес категориясы енгізілді. 2002–2003 жылдарда Үкімет мемлекеттік органдар қызметін орталықсыздандыру және жүйелеу мәселелерімен белсенді түрде айналысты.

2007 ж. МБЖ жетілдірудің жаңа кезеңі Саяси реформа бағдарламасын жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы қорытындыларымен тығыз байланысты. Бұл кезеңдегі конституциялық өзгерістер Парламенттің өкілеттері теңгерімін қайта бөлу және оның бақылаулық қызметінің артуы-на жағдай жасады, бұл үрдіс Қазақстандағы президенттік-парламенттік жүйеге қатысты эволюция ретіндегі мазмұнға ие болды.

Реформаны жүзеге асыру үшін Президенттің 2007 ж. 13 қаңтарындағы № 273 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға қатысты шаралар туралы» Жарғысы негізінде міндеттер қойылып, Әкімшілік реформа бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы қалыптастырылды.

Осы кезеңнің аясында әкімшілік реформаның жаңа сатысы жүзеге асырылды. Жауапты хатшылар институты енгізілді, саяси мемлекеттік қызметкерлер саны азайтылып, территориялық және жергілікті мемлекеттік органдардың атаулары ретке келтірілді. Ведомстволардың қызметтері стратегиялық (департаменттер) және жүзеге асырушылық (комитеттер) деп бөлінді. Өкілетті орган мемлекеттік органдарға функционалдық талдау жасайды.

Осымен қатар соттық-құқық қорғау жүйесінде де реформа жүргізілді, дәлірек айтқанда әділет министрілігі мен ішкі істер министрлігі арасындағы қызмет теңдігіне (миграция, қылмыстық-орындау жүйесі), қаржы полициясын, Жоғарғы соттың қызметін шаруашылықтық қамсыздандыруға арналған сот әкімшілігі комитетін, адам құқықтары жөніндегі өкілеттілікті құруға қатысты. Алдымен өлім жазасына мораторий енгізіліп, артынан террористік актілер мен соғыс уақытынан басқа кездегі өлім жазасы толығымен жойылды. Сонымен қатар қоғам мен бизнестің көңілінен шығатын заманауи соттық-құқық қорғау жүйесін құруға қажетті кадрлық әлеуетті қалыптастыруға үлкен назар аударыл-ды. 2012 ж. барлық күштік құрылымдардың қызметкерлеріне аттестация өткізілді. Оның нәтижесі бойынша 100 мыңнан астам адам аттестациядан өтпесе, 12,5 мың адам органнан шығарылды.

Жалпы алғанда әкімшілік жүйені жетілдіру бойынша жұмыстар үздіксіз негізде жүргізіледі. МБЖ бойынша қабылданған қаулылардың жалпы саны шамамен 36, оның ішінде МБЖ жалпы жетілдіру (мемлекеттік ор-ганды қайта құрылымдау) бойынша 12 қаулы бар. Сонымен қатар мемлекеттік органдар-ды қайта құрылымдау қарқынының өсімі байқалып отыр. Осыған сәйкес қаулылар жыл-сайын қабылданады. Бұл үрдіс дағдарыстан кейінгі кезеңде жаңа агенттіктерді құра бастауға байланысты (барлығы 3) барынша қарқынды жүрді.

2008–2009 жж. жоспарланған әкімшілік реформалардың кейбір бағыттары, оның ішінде мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты бағыты біршама кейінірек жүзеге асырыла бастады. 2011 ж. шілдесінде Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінің тұжырымдамасы қабылданды, ол мемлекеттік лауазымдардың жаңа құрылымына немесе жалпы алғанда мемлекеттік қызметтің мансаптық үлгісіне арналды. 2013 ж. «Мемлекеттік қызмет ту-ралы» заңға түзетулер енгізіліп, 2013 ж. 22 наурызындағы Президенттің № 524 қаулысы бойынша мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты жаңа лауазымдық топ ретіндегі «А» корпусы енгізілді.

Сонымен бірге ауылдық әкімдерді сайлау енгізілді. Аудан әкімдері «А» корпусына ауыстырылды, осыған байланысты байқаулық іріктеу мен қызметін бағалау шараларына қатысады.

Әкімдер сайлауы

Әкімдер сайлауы - жергілікті әкімшілік жетекшілерін тікелей немесе қосымша дауыс беру арқылы сайлау.

Алғашқы рет әкімдерді сайлау әдісі 1999 ж. мамырында Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының әкімін сайлау барысында қолданылған еді. Әкімдерді сайлау бойынша сынақтар 2004 және 2005 жылдары да жалғасқан болатын. Әкімдерді сайлау мәселесінің 2006 ж. жаңа кезеңге аяқ басуына аудан және облыстық деңгейдегі қалалар әкімдерінің 30% сайлау туралы қаулының қабылдануы ықпал етті. Нәтижесінде 2006 ж. сайлаудан соң 2005 ж. сайлаудан өткендермен қоса есептегенде аудандық деңгейдегі халық сайлаған әкімдер саны 63-ке жетті, бұл олардың жалпы санының үштен бірі болатын. 2007 ж. саяси дамудың маңызды шектік кезеңі болды, онда жаңа конституциялық түзетулер енгізілді және осыған қатысты кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілген болатын.

Өз бастауын 2000 ж. алатын ұзақ мерзімдік қоғамдық-саяси пікіралмасудың аясында Саяси реформаның бағдарламасы жасалынды. Алғашында саяси жаңғыртуға қатысты мәселелер Азаматтық қоғамды бұдан ары демократияландыру және дамыту    бойынша    ұсыныстар    қалыптастыру жөніндегі тұрақты әрекет ететін кеңес аясында талқыланды (2002–2004 жж.). Сосын оның орнына Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия құрылды (2004–2006 жж.). Келесі кезекте Саяси реформалар бағдарламасын жасау және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды (2006–2007 жж.).

Аталынған комиссиялардың ұсынысы бойынша әкімдерді жергілікті өкілетті органдардың алдын-ала келісімінен соң тағайындау нормасы енгізілді.

Әкімдерді сайлауды енгізуге қатысты келесі қадам «Қазақстан-2050» стратегиясы негізінде, ауыл әкімдерін сайлауды өткізу сұрақтарының көтерілуіне қатысты жасалынды.

ҚР Президентінің 2013 ж. 24 сәуіріндегі № 555 Қаулысында аудандық мәндегі қалалар әкімдерін, ауылдық округтердің, және де ауылдық округтерге кірмейтін қыстақтар мен ауылдар әкімдерін сайлауды өткізу тәртібі бекітілген болатын. Аймақтар бойынша талапкерлерді ұсыну 2013 жылдың 14 шілдесінде аяқталды. Барлығы 7162 талапкер ұсынылған болатын. Сайлау нәтижесі бойынша 2457 әкім сайланды, оның ішінде аудандық мәндегі қала әкімдері – 47 талапкер, ауылдық округ әкімдері – 2101, қыстақтар әкімдері – 119 және 190 ауыл әкімі бар. Сонымен бірге үш ауылдық округте алғашқы айналымда жеңімпаздарды анықтау мүмкін болмады.

Бір айта кетерлігі, Қазақстанда таңдап алынған жергілікті әкімшілік басшыларын сайлау үлгісі дамыған елдердің тәжірибесінде бар үрдіс. АҚШ-тың қалалық әкімшіліктерінің жартысынан көбінде билік органдарының жүйесі жергілікті кеңестер арқылы мэрлерді қосымша сайлау үлгісіне негізделген.

Әкімдікке барлығы 7162 талапкер ұсынылып, оның 6738-і тіркеуден өтті. Шамамен бір әкімнің орнына екі талапкерден болған. 37 әкімшілік-территориялық бірлікте әкімдікке талапкерлер бір дауыс артық жинау арқылы жеңіске жетті.

Алдын-ала мәліметтерге сәйкес республика бойынша сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 98,3%, Жамбыл облысында сайлаушылар отырысына тізімге енген барлық маслихат депутаттары қатысқан.

Әкімдер сайлауы Қазақстан Республикасының 2457 ауылдық мәндегі қалаларында, ауылдық округтерінде және де ауылдық округ құрамына енбейтін қыстақтар мен ауылдарда өтті.

Сайланған әкімдер арасында 23 ұлт өкілдері бар. Әкім қызметіне 280 немесе 11,4% әйел заты сайланған, бұл бұрынғыдан 32 адамға артық. Әйел-әкімдердің саны Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында шамамен 6% артқан.

Орталық сайлау комитетінің басшысы Қ. Тұрғанқұловтың мәлімдеуінше, әкімдердің орташа жасы 47 жас. Олардың ішіндегі басым бөлігінің жасы 55-ке дейінгі адамдар, бұл әкімдер корпусының 80,3% қамтиды.

Жалпы алғанда, әкімдер құрамы жасарған. Сайланған әкімдердің ең жасы – Павлодар облысы Жанғара ауылдық округының әкімі 25 жаста. Бұрын бұл жастағы әкімдер саны 74,5% болатын.

Сайланған әкімдер ішінде 627 немесе 25,6% педагогтер, 501 немесе 20,4% – ауыл шаруашылық мамандары, 417 немесе 17% – инженерлер, 367 немесе 14,5% экономистер, 281 немесе 11,5% заңгерлер, 271 немесе 11% – басқа да мамандық иелері.

 

Әлеуметтік қауіпсіздік

«Әлеуметтік қауіпсіздік» термині ғылыми және саяси айналымға салыстырмалы түрде жақын уақытта енді және өз дамуын халықаралық құжаттардың бірқатарында тапты. Олардың ішінде 1995 ж. Әлеуметтік даму бойынша дүниежүзілік конференцияда қабылданған Дүниежүзілік әлеуметтік декларацияны ерекше бөлу қажет. Онда былай деп айтылған: «Біз азық-түлікке құқық, дауыс беру құқығы секілді қасиетті болып келетін, бастапқы білім алуға құқық баспа еркіндігіне құқық секілді құрметті болып табылатын, дамуға деген құқық адам құқығының іргелі түрлері ретінде қарастырылатын қоғамды қалыптастыруды ұсынамыз».

Декларацияда әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің минималды міндеттері тұжырымдалған:

- қыз балалар үшін де, ұл балалар үшін де жалпы бастапқы білім беру;

- ересек адамдар арасындағы сауатсыздық деңгейін екі есе қысқарту;

- балаларға вакцина егудің басымдылығы бар, барлығына арналған қарапайым медициналық көмек;

- тойып жей алмаудың өткір жағдайларын жою;

- қалағандардың барлығына отбасын жос-парлау бойынша қызметтерді көрсету;

-  барлығы үшін қауіпсіз ауыз суы және тазалық сақтау;

-  өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында барлығы үшін не-сиелер.

Әлеуметтануда «әлеуметтік қауіпсіздік» термині тұлғалардың және әлеуметтік топтардың саяси, экономикалық, рухани басылуын, оларға қатысты мемлекет және (немесе) басқа да әлеуметтік субъектілердің тарапынан өз мақсаттарына қол жеткізуі үшін зорлық және қарулы күштерді қолдануын бол-дырмайтын әлеуметтік өзараәрекеттесу және қоғамдық қатынастардың жағдайы.

«Әлеуметтік қауіпсіздік» түсінігін анық-тауда мүмкін тәсілдердің бірі шетелде кең тарады. Бұл тәсіл үшін «әлеуметтік қауіпсіздік» түсінігін «әлеуметтік қамсыздандырылу» түсінігімен орайластыру сипатты болып келеді. Бұл ретте, әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мұқтаж азаматтардың категорияларына материалды және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелерін шешу жалпы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі аспектілерінің бірі деп ұйғарылады.

Американдық зерттеуші С. Дойлдың пайымдауынша мемлекет «әлеуметтік саланы, білім беруді және экономиканы дамыту бойынша шараларды сыртқы әсерлерсіз жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болса, өз азаматтарын баспанамен, азық-түлікпен, жұмыспен қамтамасыз етіп, олардың азаматтық құқықтары мен жеке еркіндігін қорғай алса», онда бұл мемлекет әлеуметтік қауіпсіздік жағдайында.

Аталған тәсілге сәйкес әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу бойынша тәжірибелік жұмыс іске асырылуда. Мысалы, АҚШ-та әлеуметтік қауіпсіздік мәселелерімен федералды биліктің арнайы құрылған, 1929–1933 жж. Ұлы депрессиядан кейінгі әлеуметтік жарылыстың алдын-алу үшін 1935 ж. қабылданған әлеуметтік қауіпсіздік туралы заң негізінде әрекет ететін Әлеуметтік қауіпсіздік басқармасы айналысады.

Қазақстандық тәжірибеде «әлеуметтік қауіпсіздік» түсінігі тікелей анықталатын заңнамалық құжаттар жоқ. Дегенмен, мамандардың ойынша, көптеген мемле-кеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін, әлеуметтік қауіпсіздік әскери қауіпсіздіктен кем емес маңыздылыққа ие болуда. Әлеуметтік қауіпсіздік елде қазіргі кездегі және болашақта болуы мүмкін ұлттық мүдделерге жауап беретін, жеткілікті жоғары өмір стандарттарының, әлеуметтік қамсыздандырылудың, білім берудің, денсаулық сақтау саласының бар болуын, қоғамның позитивті құндылықты бағытталуын қалыптастыру және дамытуты ұйғарады.

Әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету инклюзивті экономикалық өсуді жүзеге асырумен тікелей байланысты. Ол экономиканың макро және микродеңгейлері арасында тікелей байланысты орната отырып, қоғамның әрбір тобы үшін ресурстардың әділ таратылуына негізделеді. Микродеңгейде қоғамның құрылымдық трансформациясы нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік және территориалды тұтастық пен теңдікті қамтамасыз ететін, жұмысбастылығы жоғары деңгейдегі экономиканы құру жүреді. Негізгі ресурстар мен қызметтерге қол жетімділікті кеңейту негізінде өмір сүру деңгейін жоғарлату мүмкіндіктері беріледі, ең бастысы – өскелең болашақ үшін негіздер құрылады.

Мұндай өсудің бөлігі халықтың барлық топтарына қол жетімді инклюзивті қаржылық жүйе болып табылады. Ол өзіне келесі құрамдас бөліктерді қосады:

- кедей және тұрмысы төмен клиенттер қаржылық жүйенің ортасында орналасқан. Қаржылық қызметтерге деген олардың сұранысы басқа барлық деңгейлердегі әрекеттерді басқарады;

- қаржылық жүйенің негізін провайдерлердің бөлшек қаржылық қызметтері құрайды, олар кедейлер мен тұрмысы төмендерге тікелей қызмет көрсетеді;

- трансакциялық шығындарды төмендетуге, қамтуды кеңейтуге, қаржылық қызметтер арасында айқындылықты және дағдыларды дамытуға қажетті қаржылық инфрақұрылым және қызметтер спектрі құрылады;

- инклюзивті қаржылық жүйенің дамуының сәйкес заңнамалық және саяси шектеулері құрастырылады.

 

«Қазақстан- 2050» стратегиясының ресми сайтының материалдары бойынша дайындалған.

 
0
1284
0