Индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламасы

Малика Димухамедова 2014 M08 16
10180
0
35
0

Жаңа үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламасы 2010-2014 жылдарға арналған және өнеркәсіп дамуындағы жаңа деңгейді қамтиды. «Қазақстан - 2030» стратегиясын жүзеге асырудың соңғы...

Жаңа үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламасы 2010-2014 жылдарға арналған және өнеркәсіп дамуындағы жаңа деңгейді қамтиды.

«Қазақстан - 2030» стратегиясын жүзеге асырудың соңғы жылдары, экономиканың сатылы дамуы адам басына орташа табысты екі есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Стратегияның көптеген сандық параметрлері мезгілінен бұрын орындалып болды. Осыған байланысты, сонымен қатар қауіпсіздіктің сапалы жаңа сипатына байланысты, ел басы «Қазақстан - 2050» стратегиясын дамудың жаңа векторы түрінде анықтады.

«Мен Үкіметке үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға екінші бесжылдық жобасын өңдеуге бірнеше тапсырыстарымды бердім», - деді президент.

Осы жолы, мәлімделінген экономика деңгейіне жету үшін, Қазақстан талай жігер салу керек. Ол үшін құрылымдық өзгресітерді жүзеге асыру қажет: жаңа жұмыс орындарын құрып, өндіретін өнеркәсіп даму деңгейін жоғарылатып, шикізат тәуелділігінен арылу қажет.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыру арқасында, мемлекетте тұрақты өнеркәсіп орнықты, бірақ оның кейбір түрлі салалары, 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламадан кейінгі дамуды талап етеді. Қазіргі өнеркәсіптік саясаттың негіздері салынып, өнеркәсіптік дамуды қолдаудың құралдары мен тұра шетелдік инвестициялады баурау тәжірибе жүзінде сыналды. Алайда ол да жеткіліксіз.

Өнеркәсіптік индустрияны дамытудың 2015-2019 жылдарға арнаулы бағдарламасы оның мықты және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдаудың арқасында өңделіп жасалды. Зерттеу барысында әлі де жеткіліксіз инвестициялық белсенділік, квалификацияланған мамандар жетіспеушілігі, кіші мен орта бизнестің аз үлесі тәрізді тосқауылдар анықталды. Олардың бәрін бағдарлама ресурстық секторларда өндірудің сапасын жақсарту, Кедендік Одақ, Қытай, Орта Азия елдері мен Каспий маңы елдері нарығына қол жеткізу тәрізді мүмкіндіктерді пайдаланып шешпек.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы «Қазақстан - 2050» стратегиясының қағидаттары мен мақсаттарымен сәйкес және республикамыздың ең дамыған елдер қатарына жату тұжырымдамасымен сәйкес жасалды.

Бағдарлама өзіне тәріздес табысты жүзеге асырылған осыдан бұрын өткен бесжылдықтың логикалық жалғасы болып табылады. Жаңа бағдарламаның басты мақсаты – әртараптандыру мен өндіру саласындағы мемлекет бәсекелестігін арттыру.

Қазақстан мұнай экспорты бойынша ТМД елдері арасынан жетекші орында, ол бәрімізге белгілі, алайда ол біз көздеген даму деңгейі емес, өйткені өңделген өнімнің экпорты ресейліктікінен екі есе аз.

Өнеркәсіп Қазақстан экономикасының үштен бір бөлігін құрайды, оның көбісін кен қазушы өнеркәсібі құрайды – 18% экономика ВҚҚ-сы. Қазіргі кезде, инвестициялар толығынан 30% көлемнен арта құрайды, ал өңдеуші өнеркәсіпте 12%.

Үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың бағдарламасы осы баяғыдан белгілі мәселелерді шешіп болды ма?

Бағдарлама 2010 – 2014 жылдар арасында жүзеге асырылды: институттар жүйесі құрылып, түрлі заңдар қабылданды, нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің деңгейі өсті.    Ол осылай ма? Бұл саладағы жұмыспен қамтамасыз ету төмен – 7%, бұл көрсеткіш бойынша біз барлық Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінен артта қалдық, алайда өнеркәсіп дамуын белгілейтін кейбір сандық көрсеткіштер бар.

2012 жылда 2008 жылға қарағанда, көптеген көрсеткіштер бойынша жағымды өсу динамикасы байқалды: ЖІӨ – 22,5%, шикізатты емес сектор ВҚҚ-сы  - 23,4%, өндіретін өнеркәсіп шығару көлемі – 20,5%, еңбек өнімділігі -70%, шикізатты емес экспорт көлемі – 27,1%. Бағдарлама өзінің екінші, дамуды анықтаушы бағыты бойынша инновацияларды енгізуді мақсат етті. Осы инновациялық белсенділік 3,6% өсті, ал инновациялық өнімнің көлемі – 240% өсті.

Жалпы, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы келесі жағымды нәтижелерге әкеп соқты:

  1. Көптеген нормативті құқықтық актілерді қабылдаумен өндірістік саясаттың негізі салынды;
  2. Қазақстан өндірісінің әртараптануына негіз салынды: шикізатті емес экспорт, шикізатты емес сектор инвестициялары;
  3. 500-ге жуық жаңа өнеркәсіп ашылды, олардың өңдеуші өнекәсіптегі бөлігі 9,4% құрады;
  4. Индустриядағы жұмыспен қамтамасыз ету осы 4 жыл ішінде 9%-ға өсіп, 1млн-нан астам адам құрады;
  5. Еңбек өнімділігі өсті;
  6. Тура шетелдік инвестициялардың 90 млрд доллары жұмылдырылды;
  7. Өнекәсіпті дамыту институттарының жүйесі жасалды.

Жүзеге асыру барысында, бағдарламаның 2015-2019 жылдардағы екінші сатысыныда ескеретін сабақтар алынды:

  • Салалардың кең спектрі мемлекеттік қолдауды тиімді жұмсауға жол бермейді;
  • Жүзеге асыру барысының сапасыз мониторингі;
  • Мемлекеттік, жергілікті орындаушы органдардың дамыту институттарымен баяу өзара әрекеттесуі, ао ол уақыттық шығындарға әкеп соқтырады;
  • Тиімділігі жетімсіз инвестициялау мен қаржылау жүйесі.

Жоғарыда аталған тәжірибеге сүйенумен қазіргі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүргізілмек.

Тұжырымдама мен бағдарламаны жасау кезінде әрдайым әлемдік үрдістерескеріледі. Жаңа индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында неге көңіл бөлінді?

  • Ресусртар маңыздылығының артуы

Ресурстардың азаюы қазіргі индустриалды саясаттың екі маңызды үрдісіне әкеп соқты: біріншіден, ол шикізат құндарының өсуі мен олардың қысқарған қолжетімділігі, екіншіден, ол шикізатты тиімді пайдаланып, сақтай алатын технологиялардың дамуы.

  • Глобализация мен өндірістік тізбектердің өзгеруі

ТНК әлемдік сауда саттықтағы қазірдің өзінде ұлкен болып тұрған рөлін ұлғайтуда. Корпорациялардың географиясы мен жаһандану деңгейі транформацияланады, олар әрдайым жергілікті серіктес ізденуде.

  • Дамушы елдер нарықтарының күшеюі

Ол елдерде тұтынушылардың ерекше сұраныстарына жауап беретін тауар мен қызметтер бар, ал бұл олардың нарығына жылжытуға апарады.

  • Халықаралық сипаттағы шектеуліктер

Халықаралық ұйымдарға қатысушы елдер саны соңғы кезде өсіп жатыр, олар мемлекеттік араласуды шектеуге келісті. Алайда жекелеген жағдайларда қабылданған міндеттемелерін бұзады.

  • Өндірісті дамыту мен орналастыру үшін елдердің бәсекелестігі

Дамушы елдердегі зауыттар маңыздылығы өседі, араларындағы бәсекелестік те күшеюде.

  • Қызмет саласы маңыздылығының артуы

Дамыған елдердің қазіргі экономикасының үлкен бөлігін қызмет көрсеті саласы алып жатыр. Алайда бұл қызметтер тек қана дамыған өндіріс сұранысында ғана жаңданады. Экономикалық белсенділік адами капитал тұрғысынан өндірістен зерттеу мен әзірлеу, инжиниринг пен дизайн сияқты қызметтер саласына ауысуда.

  • Кәсіпкерлік рөлінің өсуі

Бүкіл ілемде кәсіпкерлік индустриялы дамудың тірегі болып табылады. Барлық жерде шағын мен орта бизнес рөлі артуда.

  • Үшінші индустриалық революция

Түрлі инновациялар мен технологиялар енгізілуімен өндіріс әрдайым жаңданады. Жаңа материалдар пайда болып, робототехника қолданылады, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылады. Оның барлығы бәсекелестік бақталастығын нығайтады.

Су жаңа технологиялар арқасында шикізатты қолдану тиімділігі жақсарып, квалификацияланған мамандар жұмыс орындары сақталады.

 

Индустриялы саясатты жүргізгенде әрбір мықты және әлсіз жақтарды және олардан таралатын мүмкіндіктер мен қатерлерді ескеру қажет.

Индустриялды дамудың мықты жақтары:

1. Табиғи ресурстарға байлылық

Табиғи ресурстар қоры бойынша республикамыз 6 орын алады, және уранның  ірі экспортерлерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстанда 110 кездесетін элементтердің 99-зы табылған, мұнай мен газдың 160 кен орындары табылды.

2. Саяси және экономикалық тұрақтылық

Тұрақты саси жүйе тұрғызылып жұмыс істейді, ол сонымен бірге макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

3. Тұрғызылған индустриалды саясат

Даму институрттарының, холдингтардың және мемлекеттік ұлттық компаниялардың бар болуы белсенді индустриялы дамуды өиткізудің негізі болып табылады.

4. Жақсы ниетті іскерлік конъюнктурасы

Реформалар нәтижесінде Қазақстан іскерлік климат пен оның сапасының көтерілуінде табысқа жетті.

Индустриялы дамудың әлсіз жақтары:

1.Өндіруші өнеркәсібінің әлсіз инвестициялау белсенділігі

Осы секторда инвестициялау белсенділігі Ресей, Қытай мен Бразилия тәрізді елдерден артта қалуда.

2. Квалификацияланған мамандардың шектеулі саны

Компаниялар квалификацияланған мамандар тапшылығын сезініп, оны Қазақстандағы өндірісті дамытудың басты бөгеуі деп санайды.

3. Әлем нарықтарына бөгеу

Қазақстан үшін жаһандық халықаралық сауда жолдарына шығу қиын. Экспорт дамуы оның порттар мен жолдар инфраструктураларына шығуына байланысты.

4. Инфраструктураның мәселелік салалары (транспортты-логистикалық, энергетикалық пен сумен қамсыздандыру)

Қазақстан кәсіпкерліктері шетелдік бақталастарынан жоғарыда аталған инфраструктура салалаоының жеткіліксіз дамуына байланысты артта қалуда.

5.  Шағын мен орта бизнестің тапшылығы мен мемлекет басымдылығы

Шағын кәсіпкерліктер өңдейтін өнеркәсіпте 16%, ал орта - 8% құрайды.

6.  Инновациялардың жеткіліксіз жоғары бәсекелесу қабілеті

Қазақстан инновациялық жүйенің бәсекеге қабілеті бойынша тек 45-ші орнын алады.

Индустриялы дамудың мүмкіндіктері болып, осындай бағыттар бола алады: шикәзат алудың кешенділігін арттыру; өңдейтін өнеркәсіптердің жабдықтарға сұранысының өсуі; Кедендік Одақ нарығына шығу; қазіргі заманғы басқару технологиялар көмегімен еңбек өнімділігін арттыру; сонымен қатар ішкі сұранысты мемлекеттік сатып алу арқылы арттыру.

Индустриялы дамудың қатерлері болып: әлі де созылып жатқан қаржылық дағдарыстың экономикаға әсер етуі; әлемдік өнеркәсіп нарығындағы жағдай; отандық кәсіпкерліктерінің төмен бәсекелестік қабілеті; экономиканың құрамдық байяулау қатері мен әлемдік пен ішкі нарықтардағы абыройсыз бақталастық бола алады.

 

2019 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық дамудың бағдарламасы қазақстандық өнеркәсіптің барлық нюанстарын ескерген. Бірақ индустриалды дамудың табысы – өте аныө емес түсінік, осыған байланысты бағдаралама дамуының кез келген сценарийін қарастыру қажет.

Қазақстанның индустриялық дамуы екі стратегиялық талапқа байланысты: шикізаттардың әлемдік нарығының жағдайы мен макроөңірдегі интеграция дәрежесі. Ресурстардың әлемдік нарығының конъюнктурасы Қазақстанның басты шикізат секторындағы кәсіпорындарға әсер етеді. Интеграциялау деңгейі экспорт пен өнім өтісіне ісер етеді.

Жалпы Қазақстанның индустриялы дамуының 4 сценарийін анықтауға болады:

  • «Құнарлы топырақ» сценарийі

Неғұрлым жағымды сценарий, жаһандық шикізат нарығының қолайлы коъюнтурасы мен макроөңірдегі тығыз интеграция кезінде пайда болады. Осындай сценарийде мемлекете тарапынан қолдау өңдіруші мен шикізаттық емес секторларға көрсетілу керек. Ол экспорт пен өндірісті арттыруға мүмкіндік береді.

  • «Шикізат өсімі» сценарийі

Осы сценарий ресуртар нарығының жақсы конъюнтурасы мен макроөңірдегі елдердің әлсіз интеграция жағдайында болады. Кез келген жағдайда өндіріс дамуы шикізаттық сектор тарапынан қамтамасыз етіледі. Өңдеу саласында даму баяулайды. Осыған байланысты мемлекет тарапынан өндіру мен өңдеу секторларын дамытуға назар аудару қажет.

  • «Технологиялар есебінен даму» сценарийі

Бұл сценарий белсенді интеграция мен қолайсыз ресурстар нарығының конъюктурасы кезінде байқалады. Алайда өндіріс шикәзаттық емес саланың арқасында дамиды. Ол үшін адами капиталды дамыту керек. Осы жағдайда өнеркәсіптің даму қарқыны жоғарыдағы екі сценарийге қарағанда төмен болады.

  • «Экономикадағы құлдырау» сценарийі

Ең жағымысыз сценарий. Шикізат нарығының конъюнтурасы төмен, ал макроөңір интегрциясы мүлде болмағанда ықтимал сценарий. Экономикалық оқшаулану мен инновацияларға қол жеткізудің болмауы инвестициялардың төмендеуіне әкеп соқтырады. Мемлекет өз тарапынан дағдарысқа қарсы шараларды қолданады, ресурстарды тиімді бөлу саясатын жүргізеді.

Осы аталған сценарийлер келешекте даму жолдарын сипаттайды, мемлекет оларңға сүйеніп саясатындағы басымдылықтарды өзгертіп жатады. «Құнарлы топырақ» және «Шикізат өсімі» неғұрлым ықтимал сценарийлер болып табылады. Осы Индустриялық дамытудың 2019 жылға дейінгі тұжырымдамасы «Құнарлы топырақ» сценарийін ескере отырып әзірленді.

 

Үдемелі индустриялы дамытудың басқа елдердің бағдарламалары нені қарастырады және тиімділігі қандай?

2007-2008 жылдардағы қаржылық кризистің қазіргі кезге дейін созылған мәселелеріне жауап ретінде көптеген елдер индустриялы дамудың бағдарламаларын қабылдады. Бұл бағдарламалар еңбек өніміділігі жоғары жаңа жұмыс орындарын құрумен, инновацияларды дамытумен және әрбір бөлек мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатумен айналысады. Басқа елдердің тәжірибесінен үдемелі индустриялы даму бойынша бағдарламалар мысалдарын келтіруге болады:

-  2012 жылы АҚШ өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша ұлттық стратегиясын қабылдайды;

-  сол жылы  Еуропалық Одақ елдері Өндірістік саясат стратегиясын қабылдайды;

-  Жапония 2010 және 2013 жылы өндірісті жандандыру стратегиясын қабылдайды;

-  Түркия 2011-2014 жылдары өндірісіті дамыту стратегиясын өңдейді;

-  Қытай Халық Республикасы 2011-2015 жылдарына жоспарын дамытады;

-  Үндістан да бесжылдық дамуды таңдап, ұлттық өндірісіті дамыту жоспарын жүзеге асыруға кірісті;

-  Малайзия 2020 жылға дейінгі өндіріс саласының дамуын қарастыратын экономикалық трансформация жоспарын өңдеді.

Дамыған және дамып келе жатқан елдер бірте-бірте салалық дамуға басымдылық береді, өйткені бәсекеге қабілетті салаларды қалыптастыру маңыздылығы артты. Тегіс қамтитын қолдау шаралары өндірісті қуаттауға бағытталған. Мысалы, бәсекелестік ынталандырылады, қаржы алу мүмкіндіктері  жақсарады, технологиялық даму мен инновациялық белсенділік мадақталады. Қазақстандағы екінші индустриализация шеңберінде басымды бағыттарды да, бүкіл өндірісті де дамыта алатындай  жұмысын теңгерімге келтіру керек.

Дамыған елдер өз тәжірибесінде мемлекеттік қолдау мақсатында өндірістік бағдарламаларды жүзеге асырғанда, комитеттер мен агенттіктері бар даму институттар жүйесін жиі құрайды. Бұл комиссиялардың функциялары түрлі болады, бірақ олардың басты мақсаты – өндірісті қолдауды жүргізу мен ұйымдастыру және оның реформасын жүзеге асыру. Осындай арнайы құрылған агенттік белгілі бір міндеттер шеңберінде өз көңілін жинақтап, мақсатты жеңілдетеді. Бұл мекемелерді құру Қазақстан үшін маңызды, өйткені индустриялы саясат мәселелері жиі орындалу сатысында анықталады.

Кілт көрсеткіштері бойынша басқару жүйелері мен әрекет нәтижелері бойынша келісімдер агенттіктер қызметін тиімді үйлестіру, бақылау мен тексеруге мүмкіндік береді. Осындай амал жиі қолданыла басталады және шындықта да АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Корея Республикасы, Үндістан мен Қытай тәрізді дамыған және дамып келе жатқан елдердің мемлекеттік секторының тиімділігін арттырады.


Оцените пост

35