Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:21, 05 августа 2014

FAO Қазақстанның 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сараптамалық тұжырым дайындайды

2014 жылдың 5 тамызында Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Бұл шараға ҚР ҚОСРМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Мұсапарбеков және FAO (Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымы) Аймақаралық бюросының сарапшысы Хайдар Ферсой (Анкара, Түркия) қатысты.

Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы әзірлеу Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау аясында жүргізілді.

Құжат балық шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ су ресурстарының биологиялық алуантүрлілігін сақтау мақсатында әзірленді. Бағдарлама жобасында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын тиімді қорғау, олардың өсімін кеңейтіп, тұрақты қолдану, ғылыми қамтамасыз ету және тауарлық балық өсіруге (акваөсіру) мемлекеттік қолдау көрсету міндеттері қойылған.

Жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы нәтижесінде балық өсіруді дамыту есебінен 2020 жылы балық аулау көлемі 10 мың. тоннаға жетекізілмек.

Қазақстанның табиғи су айдындарындағы кәсіпшілік нысандар санының азаюы жағдайында тауарлық балық өсіруді дамыту жолы балық аулау кәсібінің баламасы болмақ.

Балық аулаудан тауарлық балық өсіруге бағыт алу табиғи су айдындарын мекендейтін популяцияларға түсетін қысымды азайтуға мүмкіндік береді.

Тауарлық балық өсіруді дамыту жан-жақты әлеуметтік-экономикалық әсер береді. Тауарлық балық өсіру шаруашылықтарын дамыту саласында іскерлік белсенділігі артып, ауылдық аймақтарда қосымша жұмыс орындарының ашылуына себеп тудырады.

Құжатты дайындау ісіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің өкілдері қатысты. (Бағдарлама жобасының мәтіні министрліктің www.eco.gov.kz сайтында орналастырылған).

Еліміздің барлық өңірлерінде балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушылардың, балық өсіру және балық өңдеу кәсіпорындарының, балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері өкілдері қатысқан қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Бағдарлама жобасын талқылау барысында бірқатар ескертулер мен ұсыныстар енгізілді.

Қазіргі уақытта ел аймақтарында өткен қоғамдық тыңдаулардың қорытындысында енгізілген ұсыныстар талдаудан өткізіліп, мемлекеттік органдар тарапынан жасалған ескертулер жинақталып жатыр.

Бүгінгі семинар-кеңестің нәтижелері бойынша Қазақстанның 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына FAO-ның сараптамалық тұжырым дайындайды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/08/105-69/

0
390
0