Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:41, 22 июля 2014

Жазғы демалысты қалай өткізесіз?

Жаз әйтеуір жетіп келді. Әдетте бұл жыл маусымын күн шуағы, жағалау, демалыспен байланыстырады. Жалпы, тек қана жағымды эмоциялар мен оқиғалар еске түседі. Жаздың бірінші күні балалар мерекесімен басталатыны да бар.

Жазғы демалысты кім қалай өткізеді?

Көптеген жасы келген адамдардың қызығы – қала сыртындағы саяжай. Қоғамдық көліктерде бірнеше сөмкесін арқалап жүрген апа мен аталарды жиі көреміз.

Жұмысбастылар берілген еңбек демалысын барынша жақсы өткізуге тырысатындар. Жыл бойы жиналған жағымсыз эмоциялар және ауыр жұмыс күндерін ұмытып, Қазақстан шекарасынан асып, шетелге жол тартады. Біреуі Түркияға, енді біреуі Тайландқа, Египтке... Бірақ соңғы кезде болып жатқан оқиғаларға байланысты туристік фирмалар  Тайландқа барудан бас тартуға кеңес беріп жатыр.

Еңбек демалысын кім қалай өткізетінін білу үшін кішігірім сауалнама жүргіздім.

Нурлан Рахимжанов, музыкант: «Жазғы демалысты, әрине, жанұямен ауылға барамыз. Табиғаты сұлу, ауасы таза, денсаулыкка және ойға ең жақсысы.»

Blog post image

Малика Дауылбай, журналист: «Жазғы еңбек демалысым қазір тек қана редакциямен байланысты. Сондықтан демалыс деп айтуға қиын. Күзде Түркияға жақын құрбымның тойына баруға мүмкіндік туады деп үміттенемін. Міндетті түрде Алакөлге жанұямен барып келгім келеді...»

Blog post image

Алибек Сейсенбаев, банк қызметшісі: «Әр кезде әр түрлі. Кейде шетелге шығамын. Тайланд, Түркия, БАЭ елдерінде болдым. Егер мүмкіндік болмай жатса, Қазақстанда демаламын. Соңғы рет Атырау қаласында демалдым.»

Blog post image

Айкерім Әлімжанова, мұғалім: «Демалысты көбінесе Ыстықкөлде өткіземін. Он күндей сол жерде боламын. Алакөлге де жиі жанұямызбен барғанды ұнатамыз.»

Blog post image

Әлемнің қай жерінде болмасын, ең бастысы – еңбек демалысын жақсы өткізу мақсат. Қазақстанда немесе басқа елде болмасын, сапасы және есте қаларлық оқиғалар, фотосуреттер болғаны маңызды емес пе?

 
0
4905
0