Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:24, 07 июня 2014

Ұлы Мәртебелі Футбол. Әлем Чемпионатының «алаң сыртындағы» әңгімелері, ІІ бөлім.

«Жапония мен Оңтүстік Кореяда шығындалған қаржыға екі Әлем Чемпионатын өткізуге болар  еді.» Зепп Блаттер, FIFA президенті

2002 жылғы әлем чемпионатын ерекше атап өтуге болады. А, бірінші рет мундиаль екі елде қатар өткізілд және Б, екі ел арасындағы нағыз бәсеке алаңына айналды. 21 ғасырдың пердесін түрген  Чемпионаттың өтуіне 8 млрд доллар жұмсалып, сол кездегі ең қымбат спорттық  мерекеге айналды. Азияға қадам басқан ФИФА-ның бұл шешіміне  Ұлы мәртебелі  футболға  жаңа есіктер ашу еді яғни геосаясат ықпал етті.

Blog post image

Ал,  Оңтүстік Корея мен Жапонияның өз есебі болды. Корейліктер 1997 ж кризис шайқалтып кеткен бизнестерінің имиджіне деген оң көзқарасты көтергісі келді. Жапондықтар осы шоу арқылы он жылдық рецессияда қалған  экономикасына жаңа импульс беруді мақсат тұтты. Бірақ, ортақ мүдденің бар екендігі ниеттері де ортақ деген сөз емес.

Екі азиялық ел Чемпионатқа дайындық жолында барынша бір-бірінен асып түсуге тырысқан еді. Мысалы, корейліктер олимпиадалық стадионды Чемпиондық стадионға айналдыру үшін 185 млн доллар жұмсаса, жапондықтар Ниигате қаласындағы құны 230 млн доллар тұратын стадионмен жауап берді.   Нағыз бәсеке халықаралық футбол  додасы басталғанда күтіп тұр еді. Матчтардың трансляциясын тарату құқығына ие болғысы келген ISL және  Kirch компаниялары сатып алу бағасын тым шарықтатып жібергендері  сондай, нәтижесінде екеуі де банкротқа ұшырады. Олардың тәбетін де түсінуге болады. Жарнама жөнінде футболдан әлем Чемпионатына тең келер бәсекелес жоқ. ФИФА-ның ресми демеушілер болған халықаралық  15 ірі корпорация ( Coca-Cola, Fuji Film, Gillette,  JVC, Philips, MasterCard , McDonald`s және т.б.) бұл мүмкіндікті пайдалану үшін  федерация бюджетіне  ондаған миллион ақша құятын.

Мундиаль 4 жылда бір болатын мереке, тиісінше, бұл жәрмеңкенің табысы да мерзімдік болмақ. Ел экономикасына тигізер ұзақ уақыттық пайданы күтуге болмайды. Бірақ, барынша пайда көзі болатындығы рас. 2006 ж Германияда ұйымдастырылған біріншілікті өзгелерге үлгі қылуға боларлықтай.

Blog post image

http://www.dw.de/

  • Немістер бұл шараға 6 млрд еуро инвестиция құйды. Чемпионатқа дайындық кезінде 50 мыңға жуық жұмыс күші пайда болды, оның 20 мыңы маусым біткеннен кейін де сақталып қалды.
  • Туризм саласына қосымша 600 млн еуро кіріс келді. 2006 ж сұралушылардың 88 %-ы  Германияда демалуға кеңес берген. Фаст-фуд пен сусындардан бастап сақтандыру компанияларына дейін Чемпионаттың оң ықпалын ғана сезді.
  • Deutce Bank  мамандарының айтуынша, Чемпионаттан кейінгі  экономикалық эффектінің әсері 2 жыл көлемінде  оң нәтижесін берген.
  • 12 (!) жылғы дайындық нәтижесінде Германия әлемдік аренада өзінің оң имиджін қалыптастырды. GMI-Nation-Brend-Index  (NBI)  рейтингісінде марка ретінде Германия 2-ші орынға көтерілді.
  • Әлемдік біріншілік аяқталғаннан кейінде, неміс кәсіпорындары футбол мерекесінен құр қалған жоқ.  ОАР-ғы  футбол додасына дайындық кезінде германиялық компаниялары жалпы құны 1,5 млрд еуро болатын келісім-шартқа қол жеткізген.

Бірақ, африкалық мемлекеттің өзіндегі жағдай біршама бөлек еді.  Grant Thorton консалтинтік компания  мамандарының есептеуінше мундиальға дайындық  300 млн долларды қажет еткен. Бірақ бұл қаржы  Йоханнесбургтегі «футбол қалашығын» жөндеуге де жеткен жоқ.Жалпы шығын  4 млрд долларға жуық  болды. Айта кету керек, бұл шығындарды толығымен мемлекет көтермейді. Қонақүйлердің құрылысы мен жарнама – жеке кәсіпкерлердің еңбегі. Командаларға арналған базалар мен дайындық алаңдары, фан зоналар және тазалық шаралары – қалалық бюджеттің проблемасы. Стадиондардың құрылысы, транспорт және қауіпсіздік мәселелері, мәдени іс-шаралар мен волонтерлер  және тағысын тағы инфрақұрылымның барлығы тікелей мемлекет бюджетінен қаржыландырылды.

Blog post image

Африкалық жанкүйерлер, http://www.fresher.ru/

Жекелей алғанда шығын да ақталды. 30 күндік футбол мерекесі  ресми мәліметтерге қарағанда 400 млн доллар табыс әкелген. ФИФА  Оңтүстік Африка еліндегі телетранслция мен жарнаманы қосқанда 3,2 млрд  доллар қаржыға ие болды.  
Жарнама демекші, ОАР алғаш рет қара құрлықта футболдан әлем чемпионатын өткізген ел ретінде барлығымыздың есімізде қалмақ. Шакираның клипі ұмыта қоймаған болармыз)

Әлем чемпионаты - 2014  өмір мен футбол егіз ұғым болып саналатын Бразилия елінде өтеді.  Бар болғаны санаулы күндер қалды. Шеруге шыққан халық, толыққанды дайын болмаған стадиондар, табанды және әділетті жұмысты қажет ететін инфрақұрылым  және 13 млрд доллар. 22-ші мундиаль туралы  мәліметтер көз алдымызға осындай картинаны береді.Тағы да, Бразилияда  қоғамдық  ұйымдар 15 –мамырды  футболдан әлем Чемпионатына қарсы күн деп жариялады.

Осы арада Халықаралық футбол федерациясы Бразилиялық Чемпионаттан 4млрд долларға  жуық табыс келуі мүмкін деп болжап отыр. Оңтүстік Африка еліндегі турнирден  түскен кірістен 60%-ға көп.   Мен ФИФА басшылығы емеспін, сондықтан болжам жасаудан аулақпын.   Барлығына бірге куә болайық.

Blog post image

Бразилия көшелеріндегі графити,  http://sport.bigmir.net/

Егер мундиальдің матчтарын көруді армандап жүрсеңіз, тағы 4 жыл күте тұрсаңыз болады. Келесі турнир көрші Ресейде. Мәскеудің бөліп отырған қаржысы тарихтағы ең қымбат  әлем чемпионаты деген статусқа ие болмақ.  12 қалаға соңғы үлгідегі стадион салып, олардың арасын супертехнологиялы  транспортпен жалғау үшін 22 млрд доллар қажет деп жоспарланып отыр. Немесе 632 млрд рубль.  Шығындардың ең  көп  бөлшегі жол жөндеу жұмыстарына арналған. Алдын-ала болжам бойынша 2 млн-ға жуық туристер келеді жоспарлануда. Дегенмен, әзірге Ресейді жайын қалдыра тұрайық. 2018-дің айы туғанда шығындар мен кірістерді есептей жатармыз.

Халықаралық деңгейдегі супер-мега спорттық шараны өткізу елдің имиджіне , экономикасына  жақсы импульс  береді. Егер сауатты және барынша ойластырылып ұйымдастырылса.  Не ұзақ жылдар бойы шығынға батыруы мүмкін. Гугл-әкейден  Португалия не Греция деп іздесіңіз  қызықты  фактілер кездестіріп қалуыңыз мүмкін. Кез-келген мемлекеттік деңгейдегі  іс-шара шығынсыз болмайды. Өзге елдердің тәжірибесі мен үлгісін  және өзіңнің әлеуетіңді назарға ұстаған жөн.

Алда әлі Катар бар. 5 млрд долларға қатысты дауы шешілмейінше ол туралы айтуға тіпті ерте.

Әзірге, назарымыз-Бразилияда. Ұлы мәртебелі Футболды жақсы көріңіздер. «Алаң сыртындағы»   әңгімелер қандай болмасын жанкүйерлер үшін  90 минуттағы «тар жол тайғақ» кешуге ешнәрсе тең келмейді.

P.S.  Футбол туралы бір қызық.....

2002 жылғы чемпионатқа бірінші рет Біріккен Араб Әмірліктері шықты, шықты да қарсыластарынан бұрын журналистердің  бас ауруына айналды: команда құрамында Мүбәрак  атты фамилиясы бар  6 ойыншы бар еді.

Бразилия мен Германия арасындағы матчты тамашалату үшін шіркеулерде діни құлшылықтарын  1 сағатқа кешіктіріп бастаған.

 
0
453
0