Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:43, 20 мая 2014

Жаза берем өзің жайлы...

(Әкеге арнау)

Әке, сенің өсиетіңе ерте кезден қанықтым,

Ер соңынан демеп пе едің, ақиқат пен анықтың.

Сен арқылы бұл әлемнің байыбына барыппын,

Сен арқылы сырлы әлемнің сұлулығын таныппын.

 

Қайран әкем, қазынам ең, таусылмайтын сен менің,

Сен жоқ деуге мына өмірге иланбадым, сенбедім.

Әр күн сайын суретіңмен сырласқандай болсам да,

Сезбей қалдым сенсіз тағы бір көктемнің келгенін.

 

Қарамаушы ең, маған «әлі жассың ғой» деп, «бала» деп,

Үйретуші ең қиындыққа әркез тура қара деп.

Мен мектептен келгенімде қарсы алушы ең күлімдеп,

Сезілуші еді сондай сәтте жанарыңнан дара леп.

 

Айтушы едің үлгі қылып даналығын Абайдың,

Енді бүгін мен өзіңді сол Абайға балаймын.

Сыр ақтарып отыратын, кейде өзіңе өзіңе еркелеп,

Бірге өткізген күндеріме сағынышпен қараймын.

 

Әлі есімде, мен кеткенде мұңаймағын дегенің,

Көп еді ғой, бірақ маған бұл өмірде берерің.

Кейде тіпті, түстерімде сені жиі көремін,

Керек болып қиналғанда сенің қатты көмегің.

 

Кейде осылай ұзақ ойдың жетегінде қаламын,

Өмір мүмкін, қойды ма деп, маған солай талабын.

Өшірмеспін тірі тұрсам әке сенің атыңды,

Жалықпастан өзің жайлы жаза берер қаламым!

Үргенішбаева Айнұр Бегімбетқызы

 
0
650
0