2014 жылғы 21-25 мамыр аралығында Астана қаласында әскери үрмелі оркестрлердің екінші халықаралық фестивалі өтеді.
Үрмелі оркестрлер фестивалі «KADEX-2014» үшінші халықаралық көрме аясында ұйымдастырылмақ. Оған ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі, ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның Орталық оркестрі, сондай-ақ Түркия, АҚШ және Францияның әскери оркестрлері қатысады.
Әскери оркестрлер «KADEX-2014» көрмесінде, Есіл өзені жағасында концерттік бағдарламалар қояды, Республика даңғылы бойында парад шеруін өткізеді. Сонымен қатар, үрмелі оркестрлер қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Tottoo show» бағдарламасын ұсынады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі