Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
14:09, 08 мая 2014

Депозит жайлы айтады...

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттік шоттардың көптеген түрлері кездеседі. Бұл банктердің бәсекелестігі жоғары нарықта банктік шоттарға жинақтау және уақытша бос қаражаттарды тартып осы банктік ресурстарға деген әр-түрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейілінше қанағаттандыруға ұмтылумен байланысты.    Қазақстан  Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» заңында депозит анықтамасы былай беріліпті:

Депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – Банкке олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшаға (депозиторға) қайтарылуы тиіс ақша сомасы.

Банктік депозит – салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген ақша қаражаттары.Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады.  Blog post image

 
0
2211
0