Қазақстанда электронды қалдықтарды басқару жобасы іске қосылды

«ҚазАқпарат» Қазақстанда электронды қалдықтарды басқару жобасы іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қоршаған орта және су...

«ҚазАқпарат»
Қазақстанда электронды қалдықтарды басқару жобасы іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.«Бүгін министрліктің қолдауымен ел Үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасы мен «Samsung Electronics» компаниясының электронды қалдықтарды басқару жөніндегі бірлескен жобасын бастайды. Жобаның мақсаты – электронды қалдықтарды басқару механизмдерін құру. Атап айтсақ, ұялы телефондарды қауіпсіз тәсілдермен кәдеге жарату мәселелерін шешу», – деді министр.
Оның атап өтуінше, қалдықтарды екінші айналымға түсіру мен кәдеге жарату бүкіл әлем үшін маңызды мәселеге айналып отыр. Мәселен, 2000-2010 жылдар аралығында Қазақстанға үш миллионға жуық дербес компьютер жеткізілген. Ал сарапшылардың пікірінше, олардың жартысы, яғни 1,5 миллионы электронды қалдыққа айналады.
«Бұл техниканың басқа түрлерін есепке алмағанның өзіндегі көрсеткіш. Жоба аясында электронды қалдықтарды жинау және кәдеге жарату сызбасын жасау, электронды техника сататын жерлерде ұялы телефондарды жинауға арналған экоқорапшаларды орнату, сонымен қатар электронды қалдықтардың зияны мен оларды кәдеге жарату жолдары туралы халықты ақпараттандыру жоспарланған», – деді Н.Қаппаров.
Брифинг аясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Стивен Тулл және «Samsung Electronics» компаниясының президенті Сынг Сик Чой өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Автор: Марлан Жиембай

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/3126-257/

Оцените пост

0
Дальше