Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:22, 21 апреля 2014

Өкінгеннен не пайда

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эльдар Мансуров «Эллегия»

Бейнематериал авторы – Самара Сабирова «Жалғыз ұя»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

 

Өкінгеннен не пайда, өкінбеймін,

Мазаңды алып, соңымнан, мен жүрмеймін.

Болашақты, армандап, тек сенемін,

Тағдыр салса басыма, мен көнемін.

 

Мұңым болдың, жүректі, зар жылатқан,

Қайғым болдың, қасіретте, талай тартқан.

Сені ойлауда, армандап, таңым атқан,

Қос аққудай, болуды, бұйырмаған.

 

Сезім келіп, өте шықты, тоқтамай,

Сен кетерсің, қоштасумен, оралмай.

Көшкін сезім, сен ешкімге, ұқсамай,

Шақырсамда, ұшып кеттің, бұрылмай.

 

Күнә жоқ қой, бұл тағдырдым, ешкімде,

Сен ұсынған, сол күндерім, есімде.

Сақтаймын – ау, бар ойымды, көңілімде,

Өткен, кеткен, күндерімді, сезімде.

 

Енді айтарым, сен түңілме, таңыңнан.

Жарылқасын, болашағың, алдыңнан,

Болар маған, бақыт болса, бұйырған.

Аянышта махаббат, жетім болып, тек қалған.

0
1027
1