Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:45, 20 апреля 2014

Бейбіт Шүменов Бернард Хопкинстен жеңіліс тапты

Blog post image

Вашингтонда WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақта суперчемпион қазақстандық Бейбіт Шүменов пен осы салмақта IBF нұсқасының чемпионы америкалық Бернард Хопкинстің жекпе-жегі өтті. Бұл кездесуде америкалық спортшының мерейі үстем болды, деп хабарлайды sports.kz.

Қарсыластар 12 раунд бойы күш сынасты. 11-ші раундта Хопкинс  қазақстандық боксшыны нокдаунға жіберді. Төреші Эрл Браун есеп ашты, алайда Бейбіт бірден орнынан тұрды. Нәтижесінде төрешілер америкалық спортшыны жекпе-жектің жеңімпазы деп атады.

Кәсіпқой рингте 55-ші рет жеңіске жеткен Бернард Хопкинс Әлем бойынша бокс тарихындағы жасы бойынша ең үлкен чемпион болып танылды. Айта кетейік, Хопкинстің жасы 49-ға келді.

Басты сөздер: Спорт

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
204
0