Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:42, 22 апреля 2014

ЖЕТІ ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ – ӘУЛИЕАҒАШ

…Бұл өлкеден жүкке лық толы көліктер шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйіткіп жатады, жүйіткіп жатады. Қысты күні қырауда да, жаздың аптап ыстығында да көлік қозғалысы тиылған емес. Тіпті тарих парақтарына үңілсек те Жетісудың оңтүстік-шығыс қақпасы Ұлы Жібек жолының бойына қан жүгірткізіп, «өмір жолының» өміршеңдігін сақтауға үлесін қосқан.

Blog post image

▲  Бұл жазиралы мекен – Жаркент. Көркіне көз тастаған жан сұлу табиғаттың шырмауына байланып, шырынына қанығар. Талай дүлдүл осы топырақта дүниеге келіп, талай батыр найзаның ұшымен, білектің күшімен бабадан қалған мол мұраны сақтап бүгінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізді. Сондай асыл мұраларымыздың бірі Жаркент жеріндегі Әулиеағашты атасақ болады. Ел құлағы елу дегендей, іргесіндегі Алматы тұрмақ алыстағы ағайын да бұл ағаш жайлы оқып та, талай аңызды естіп те жүр. Ал біз естіп-білгеніміздің қаншалықты ақиқат екенін өз көзімізбен көріп таспаға түсіріп қайттық.

Blog post image

▲  Алматыдан 300 шақырым қашықтықта орналасқан Әулиеағаш ауылына кеш батпай жетіп, Нұрланның шаңырағына түнеп, ертесімен ауыл түбіндегі аты аңызға айналған ағашты көруге жаяулатып жетіп бардық.

Blog post image

Міне – Әулиеағаш. Кәдімгі қара ағаш тұқымы! Бірақ өн бойы тым өзгеше. 100 жасаған кейуананың кейпіне келе ме, әйтеуір тарихтың небір кезеңдеріне тап болғаны сезіліп-ақ тұр. Әлемде мұндай ағаш ұш-ақ елде бар деседі. Бірі Қытайда, бірі Меккеде, ал бірі міне көз алдымызда, біздің топырақта!

Киелі ағаш жайлы фоторепортаждың толық нұсқасын мына сілтемеден қарай аласыздар.

http://myprofession.kz/?p=405

0
3898
0