Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:29, 20 апреля 2014

1 шiлдеге дейiн Жамбыл облысын сумен қамтамсыз ететiн жаңа арна пайдалануға берiледі

«BNews.kz»

Blog post image1 шiлдеге дейiн Жамбыл облысының дихандарын сумен қамтамасыз ететiн жаңа су арнасы қолданысқа берiледi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлiмдедi, деп хабарлайдыBNews.kz тiлшiсi.

«Өткен жылы Көксай каналын жауып тастаған болатын. Нәтижесiнде Жуалы ауданында аталмыш каналға тиесiлi келетiн 2 мың га жерден айтарлықтай жақсы өнiм ала алмады. Бұл мәселеден кейiн үкiмет Қырғызстан аумағына енбейтiн канал құрылысы туралы шешiм қабылдаған болатын. Көксай каналдың ұзындығы 25 шақырым болса,оның 12 шақырымға жуығы Қырғызстан шекарасы арқылы өтедi. Бүгiнгi күнi 1 шiлдеге дейiн бұл арнаны тапсыру мiндетi қойылды. Мен жақында ол нысанда болып айттым. Оны белгiленген мерзiмде қолданысқа беремiз», – дедi Нысанбаев.

Естерiңiзге салай кетейiк, 2013 жылдың 7-і шiлдесi күні Қырғызстанның Талас облысы Қарабура ауданы тұрғындары Қазақстанмен арадағы шекара бөлісімен келіспей, өзеннен тартылған «Быстроток» (Көксай) су каналын бөгеп, Қазақстанның Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жібермей қойған болатын. Суды бөгеген азаматтар аумағы 4,5 мың гектар жерді Қырғызстанға қайтаруды және екі ел шекарасын өзен бойымен өткізуді талап еткен.

Диана Құлмағанбетова

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/3126-253/

0
123
0