Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы Ұлттық ағаш отырғызу күніне қатысты / Восточно-Казахстанская областная дирекция телекоммуникаций приняла участие в Национальном дне посадки леса

Бейбит Аскерканов 2014 M04 20
842
2
0
0

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы Ұлттық ағаш отырғызу күніне қатысты 2014 жылдың 19 сәуірінде шығыс өңірінде алғаш рет Ұлттық ағаш отырғызу күні аталып өтілді. Оған мемлекеттік...

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы Ұлттық ағаш отырғызу күніне қатысты

2014 жылдың 19 сәуірінде шығыс өңірінде алғаш рет Ұлттық ағаш отырғызу күні аталып өтілді. Оған мемлекеттік мекемелер, жекеменшік кәсіпорындар, облыстық телекоммуникация дирекциясы ат салысты.

«Қазақтелеком» АҚ 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында облыстық дирекция әлеуметтік-маңызы бар бірқатар іс-шаралар өткізді. Осы ретте қала көшелері мен аулаларын жасыл желекке бөлеу аталған мақсаттың бірі ғана. Атаулы күнге өз үлестерін облыстық дирекцияның басшылары мен құрметті байланысшылары да қосып, көшеттер отырғызды.

Бас директор Э. Еспенбетовтың айтуынша, - «биылғы жыл біздің компаниямыз үшін мерейлі жыл болмақ. Қазақтелекомның 20 жылдығын атап өтпекпіз, олай болса бұл жыл осынысымен де айтулы әрі маңызды. Бүгін қызметкерлер «Байланысшылар алаңы» деген атауға ие болатын арнайы орынға көшеттер отырғызып, жалпы қоршаған ортаны және экологияны қорғау жұмысына өз ниеттестігін көрсетті».

Бұдан кейін де облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері отырғызылған ағаш көшеттерін күтімге алатын болады.

Жасыл желек акциясы Өскемен қаласының әкімдігімен және Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануын реттеу басқармасының қолдауымен өткізілді.

***

Восточно-Казахстанская областная дирекция телекоммуникаций приняла участие в Национальном дне посадки леса

19 апреля 2014г. в Восточном Казахстане впервые отметили Национальный день посадки леса. В нем приняли совместное участие государственные учреждения, частные предприятия и областная дирекция телекоммуникаций.

В рамках празднования 20-летнего юбилея АО "Казахтелеком", областной Дирекцией проводится ряд социально-значимых мероприятий. В этом ряду символична посадка деревьев для озеленения наших улиц и дворов. Свою лепту в проведении Национального дня посадки леса внесли руководители и почетные связисты областной Дирекции.

По словам Генерального директора Э.Еспенбетова, - «Нынешний год для нашей компании является юбилейным годом. В этом году мы отмечаем 20-лет Казахтелекому, этот год для нашей компании важен и знаменателен. Сегодня сотрудники посадили первые деревья для будущей «Аллеи связистов», внеся свою лепту в общее дело защиты экологии и окружающей среды".

В дальнейшем, работники областной дирекцией телекоммуникаций будут производить необходимый уход за посаженными деревьями.

Зеленая акция была проведена при поддержке акимата города Усть-Каменогорск и Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Восточно-Казахстанской области.

Оцените пост

0

Комментарии

0
Қазақтелеком сияқты үлкен компаниялар осындай бастама жасаса, оларға ерушілер көп болады. Көктем мезгіліне сай келген екен мерекелері. Басқа мекемелерге телекомнан үлгі алу керек. Біздің қалаларда ағаштар жетпейді. Барлық облыстарға отырғызуға болады жасыл желек.
0
ух ты! молодцы, что сказать! мы тоже 19 числа выходили сажать деревья в парке, видел много организаций, рад что казахтелекомовцы поддержали акцию! теперь это будет ежегодным мероприятием, так что спасем нашу планету вместе!
Показать комментарии
Дальше